07 Желтоқсан, 2015
819
«Мүмкіндігі шектеусіз дарындар»
Ағымдағы жылдың 6-7 желтоқсан күндері Астрахань (Ресей) қаласында балалар үйі, мүмкіндігі шектеулі дарынды балалар мектебінің және интернат тәрбиеленушілері балалары арасында халықаралық конкурс өткізілді. Конкурс барысында арнайы шақыртумен мүмкіндігі шектеусіз дарындарға арналған мектепбінің және хореграфия ансамблінің жетекшісі, татар – башқұрт «Татулық» этномәдени бірлестігінің төрайымы Гулсина Ғарифжанқызы Байкенова қатысты.

Конкурсқа 3000 –нан астам қатысушылар қатысты. Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерін таныстырып, өз еліміздегі мүмкіндігі шектеусіз дарынды балалар өз өнерлерін тарту етті.
Делегация құрамында: дарынды суретші – Бақыт Салиев, Берекет Ақжігітов, вокалдық жанрдың жеке орындаушысы - Сулейман Фомин, Сабыр Қазыбаев атындағы жетім балалар үйінің балалары, «Таңшолпан» хореграфиялық ансамблі, мүмкіндігі шектеусіз дарындар мектебінің жетекшілері – Асылай Ақбергенова, Байғара Назгүл, Жұмағалиев Жұмабай, Данил Давыдов және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мүмкіндігі шектеусіз дарындар» мектебінің жетекшісі Байкенова Гүлсина Ғарифжанқызы.
Балалардың жол сапарына облыстық «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетіп, автокөлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, медбикелер де бірге болды.
Дарынды тобымыз елге үлкен жетістіктермен келді. Вокалдық жанр бойынша орындаушы Сулейман Фомин қазылар алқасын таңқалдырып, 1 орынды иеленді.
I – топтағы мүгедек суретші Бақыт Салиев және Берекет Ақжігітов өз жұмыстарын ұсынып «Сарайшық», «Мир глазами детей», «У озера», «Птица счастья» бірінші орындарға ие болды.
«Мүмкіндігі шектеусіз дарындар» мектебінің бишісі Данил Давыдов арнайы сыйлық пен қазылар алқасы мараппатына ие болды.
Дарынды балалар командасы Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің директоры Мусиева Сания Төлегенқызына және Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына шексіз алғыс білдіреді.
Ұқсас жаңалықтар
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты