14 Желтоқсан, 2015
725
«Мүмкіндігі шектеусіз дарындар» фестивалі
2015 жылдың 14 желтоқсаны күні Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен өңірдегі этномәдени бірлестіктер арасында «Мүмкіндігі шектеусіз дарындар» фестивалі өткізілді.

Фестивалдің негізгі мақсаты: қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету арқылы олардың бейімделуіне жан – жақты жағдай жасау, еліміздегі осы жұмыстардың мүмкіндігі шектеулі деген жандардың өзі шексіз мүмкіндік иелері екенін дүйім елге дәлелдеу және өздерінің зор мүмкіндіктерін көрсету.
Дарындылар құрамында - Астрахань қаласында өткен Халықаралық «Подари улыбку детям» атты фестивалдің жеңімпаздары – Данил Давыдов, Байғара Назгүл, Бақыт Салиев, Жұмабай Жұмағалиев, Асылай Ақберген, Бердіканова Гүлдарай, т.б болды.
Облыстағы этномәдени бірлестіктер арасында татар-башқұрт этномәдени бірлестігінен Ильнур Нуруллин, Хабибуллин Сахибулла, орыс этномәдени бірлестігінен Эльдар Тәңірберген, Қуанышева Жадыра, қазақ қауымдастығы бірлестігінен Бектұр Тәжібайұлы, Имашев Ербол, грузин этномәдени бірлестігінен Гүлден т.б қатысты.
Іс – шара барысында фестивалге қатысушы дарындылар өз өнерлерін қөрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді.
Сахна көрмесінде I – топтағы мүгедек, дарынды суретші, Халықаралық «Подари детям улыбку» атты фестивалдің I – орын иегері Бақыт Салиевтің өнер туындылары көрсетілді.
Іс – шара соңында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – хатшылық басшысы Е. Қадырғалиев қатысушы дарындарды дипломмен және алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады