30 Сәуір, 2019
1536
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ҚХА кафедрасына – 5 жыл
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы 5 жылдығын атап өтті.
Осы жылдар ішінде кафедра облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының толыққанды буынына айналып, оның жұмысына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіп, жоғарғы оқу орындары жастарының бірігуіне септігін тигізді.
Бас корпустың фойесінде этномәдени бірлестіктер мен СҚМУ тарихы мұражайының көрмесі көрермендер назарына ұсынылды. Қонақтарды облыстық филармонияның ішекті аспаптар оркестрі мен қазақ ұлттық киімдерін киген қыздар қарсы алды.
Салтанатты жиын университет ректоры Серік Өмірбаевтың құттықтау сөзімен басталды. Ол кафедраның қызметі мен оның оқу-тәрбие үрдісінде және ғылыми өмірде алатын орнына тоқталып өтті.
Өз кезегінде сөз алған СҚО ҚХА төрағасының орынбасары Анваршох Әміршоев кафедра жұмысының маңыздылығын, оның өңірлік Ассамблея қызметіндегі, қоғамдағы, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы айрықша рөлін атап өтті.
Осы жылдар ішінде кафедраның дамуына үлес қосқан адамдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Көрермендерге еліміздің жоғары оқу орындарының ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков атынан бейнефильм ұсынылды.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты, оның барысында облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары өздерінің әндері мен билерін ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ