04 Сәуір, 2018
969
Мәжіліс депутаттары этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті
4 сәуір күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары этномәдени бірлестіктер төрағалары және өкілдерімен кездесу өткізді. Дөңгелек үстел аясында жиналғандар, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылады.
Халық қалаулылары Президент бастамасының маңызды тұстарына тоқталып өтті. Мемлекет басшысы ұсынып отырған үндеу, ел дамуының жаңа сатысы. Құжатта халықтың әл-ауқатын, оның әлеуметтік жағдайын шешуге бағытталған нақты жұмыстар жазылған. Бір ғана «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын алып қарасақ. Бұл қазақстандықтардың баспана мәселесін шешуге септігін тигізетін бірегей жоба. Соның ішінде баспана алу мәселесі – Маңғыстауда да аса маңыздылардың бірі. Облыс халқының саны жылдан-жылға артып келеді. Өңірде құрылыс қызу жүріп жатыр. Аймаққа жас мамандар тартылуда. Сондықтан баспаналы болу әркімнің арманы. Оның қолжетімділігі осы «7-20-25» бағдарламасы арқылы арта түспек дейді қатысушылар.
Президенттің барлық бастамаларын өңір халқы ерекше қолдайды. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктер Елбасының әрбір жолдауын ықыласпен тыңдап, ондағы тапсырмаларға зер қояды. Бұл жолы да олар шетте қалып қойған жоқ. Мемлекет басшысының Үндеуін халық арасында насихаттап, тұрғындарды ақпараттандыру бағытында жұмыстанып жатқандарын жеткізді депутаттарға. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев қашанда Қазақстан халқы Ассамблеясына зор үміт артады. Ұлтаралық достық пен келісімді сақтау – Ассамблеяның басты мақсаты. Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің өкілдері көптеген щараларды өткізіп жүр.
Соның ішінде, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жиналыс соңында халық қалаулылары жиналғандарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті