Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2016

999

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ - ҚЫЗЫЛОРДАДА

      Қызылордаға жұмыс сапарымен Қызылорда облысынан сайланған Парламент Мәжілісінің бірнеше депутаты келді. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Бақытбек Смағұловтың айтуынша, Қызылорда облысына жұмыс сапарының мақсаты облыстағы хал-ахуалмен танысып, елге Президент Жолдауын түсіндіру болып табылады.

Делегация құрамында сондай-ақ, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских, Балайым Кесебаева, Наталья Жұмаділдаева бар. Халық сайлаушыларымен кездесуге қоғам белсенділері, этномәдени орталық мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында соңғы кезде орын алған Жер кодексі айналасындағы мәселелер және заңға енгізілген жаңа нормалар талқыланды.

        Халық қалаулылары бірнеше күн бойы облыс орталығынан басқа, аудандардағы белсенділермен, мекемелер мен сауда орталығында, ұстаздар және университет студенттерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Кейін қарай