Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қаңтар, 2017

733

Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ахмед Мурадов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Депутат іссапарын «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері мен Аналар кеңестерінің мүшелерімен, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, медиаторлармен кездесуден бастады. Кездесуде Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаңа функционалдық бағыттарын жүзеге асыру, этносаралық және конфессияаралық бірлік пен келісімді нығайту  мәселелері қаралып,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері айтылды. Қатысушылар тарапынан депутатқа үш тілді білім беру, діни экстремизмнің алдын алу мәселелері жөнінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Іссапар барысында Мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті  тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Жұмыс сапарының екінші  күні Парламент Мәжілісінің  Экология мәселелері және табиғатты қорғау комитетінің мүшесі табылатын Ахмед  Мурадов облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұжымымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагерлерімен кездесіп, Парламенттің заң шығару қызметі туралы айтып өтті.

Сонымен қатар депутат Төлеби ауданындағы түрлі этнос өкілдері шоғырланған Жыланбұзған ауылының тұрғындарымен жүздесіп, ел бірлігін сақтаудың, қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығы сөз етті. Көпшіліктің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді. 

Депутат бүгін Шымкент қаласындағы  «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Индустрияландыру картасы аясында  ашылған «Әлем БТ» және «АГФ Груп» тігін фабрикаларының жұмысымен танысты.  Түстен кейін  Түркістан қаласының тұрғындарымен кездеспек.

Кейін қарай