11 Ақпан, 2019
1730
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ РОМАН КИМ БҚО ҚХА АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Роман Ким аймақтық ассамблеяның құрылымдық бөлімшелері өкілдерімен кездесті.
Көп ұлтты елімізде ел бірлігін сақтау - маңызды. Халық қалаулысы барлық игілікті іс тек тыныштық болған кезде ғана жүзеге асатынын ескертті. Сол үшін әрбір мәдени орталықтың өз жұмысына бекем болуы маңызды.
«Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйым. Қазіргі уақытта Ассамблея жанынан ғылыми-сарапшылық кеңес, журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Барлық аймақтарда Достық үйлері бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы этносаралық келісімді сақтауға, ұлттық саясатты іске асыруға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосып отырған бірегей институт» – деп атап өтті Роман Ухенович.
Кездесу барысында депутат жиналғандарды Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырып, олардың Ассамблея қызметіне қатысты сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ тараптар аймақтағы қалыптасқан мәселелер жөнінде де өзара пікір алмасты.
Содан соң Роман Ухенович Ассамблея жанынан ашылған медиация кабинетінің де жұмысымен танысып, облыстағы медиаторлармен жүздесті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті