Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Шілде, 2016

775

Мәжіліс депутаты - Сыр өңірінде

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.В.Жұмаділдаева жұмыс сапарымен 11-15 шілде аралығында Сыр өңірінде болып, түрлі кездесулер өткізді.

11 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев, Г.Шиповскихтермен бірге Шиелі ауданында болды. Талаптан ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауылдық мәдениет үйінің,  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңадан ашылған №214 мектептің,  Жуантөбе ауылдық округіндегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауылдық мәдениет үйінің, «Ару Ана» түйе сүтін өндіретін цехтың, Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық партия филиалы активімен, этнос өкілдерімен, аудандық, кенттік, ауылдық Қоғамдық келісім, аналар кеңестерінің мүшелерімен кездесті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында депутаттар аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау жүргізді.

Мәжіліс депутаттары Ы. Жақаев атындағы саябақта орналасқан даңғайыр диқан, екі мәрте Еңбек Ері, күріш өсіруші Ыбырай Жақаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті.

12 шілдеде Н.В.Жұмаділдаева Сырдария ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында аудандық мәслихаттың депутаттық фракциясының жиналысына қатысып, жеке қабылдауын өткізді.

Сырдария аудандық мекемелер үйінің жұмысымен танысып, Тереңөзек кенті орталығындағы «Достық үйінде» кездесу өткізді. Кездесуге Сырдария ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, этнос өкілдері, облыстық ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесі мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұдан соң С.Сейфуллин елді мекенінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

13 шілде күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында болып,  білім саласында болып жатқан игі жұмыстар төңірегінде ой бөлісті. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептердің оқыту стандартын жаңарту, білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мәселеріне ерекше тоқталып өтті.

Бұдан соң педагогикалық шеберлікті арттыру орталығында мұғалімдерді деңгейлік, №278 мектепте үш тілді оқыту курстарының жұмыстарымен танысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.В.Жұмаділдаева 14 шілдеде Қызылорда қаласындағы Достық үйінде облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен белсенділері, ғылыми-сарапшылық топ, Аналар кеңесі, облыстық, қалалық Қоғамдық келісім кеңестерінің, Журналистер клубының белсенді мүшелерімен кездесті. 

Алдымен Достық үйінің мұражайында этномәдени бірлестіктердің жәдігерлерімен танысты. Одан соң өзге этнос балаларының мемлекеттік тілді үйрену сабағын көріп, ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында Н.В.Жұмаділдаева Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының атқарып жатқан жұмыстарына, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыруға бағытталған шараларға тоқталды. «Русская община» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры В.П.Толоконников, облыстық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары К.Ерімбетова, қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ш.Әбдрахманов, Жазушылар одағының облыстық филиалының төрайымы Қ.Есімсейітова, өзбек этномәдни бірлестігінің төрағасы А.Хамидов, «Ақмешіт жастары» газеті бас редакторының орынбасары Г.Мақажан өз ұсыныс, пікірлерін білдіріп, Н.В.Жұмаділдеваның депуттатық жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан соң Н.В.Жұмаділдаева «Атамекен» балалар ауылына барып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты. Былтырғы жылдан бастап Қызылорда облысында жетім балалар үйі жойылып, оның орнына балалар ауылы құрылған болатын. Қазіргі уақытта әр үйде 6-7 баладан тәрбиеленіп, бір отбасындай өмір сүруде.

15 шілдеде балалар ауруханасына барып, қатерлі ісік дертіне шалдыққан балалардың жағдайымен танысып, емдеуші дәрігерлерімен пікір бөлісті.

Кейін қарай