18 Маусым, 2021
499
М.Әзілханов Алматы облыстық ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің және ЭМБ басшыларымен кездесті
Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов этномәдени орталықтардың, қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің, жетекші журналистер клубының, Алматы облысы ҚХА жанындағы ғылыми – сараптама тобының мүшелерімен кездесіп, құрылым жұмыстарымен танысты.
Кездесуге АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұманов, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің және барлық құрылымдардың басшылары мен мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Марат Әзілханов Ассамблея Кеңесі мүшелеріне Ассамблеяның XXIX сессиясының тапсырмаларын іске асыруға белсенді қатысу бойынша хаттаманың орындалуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылғанын атап өтті.
Сондай - ақ, этникааралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин баяндама жасады, ол Ассамблеяның негізгі міндеті – бұқаралық қоғамдық коммуникацияның идеологиялық тетігі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ҚХА жұмысының негізгі бағыты Ассамблеяның түрлі және көп форматты әлеуметтік жобаларын іске асыру болып табылатынын атап өтті.
Кездесу барысында облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов сөз сөйлеп, түрлі этностардың мемлекеттік тілді меңгеруінің ерекше рөлін атап өтті.
Облыстық ҚХА жанындағы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева өз сөзінде атқарылған жұмыстар мен жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
Медиация институтын дамытуға заң ғылымдарының кандидаты, тренер медиатор Бақыт Шыңғаева өз ұсыныстарын енгізді.
Кездесу соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55