01 Қыркүйек, 2015
990
Маңғыстау – келісім мен бірліктің мекені
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстың барлық мектептерінде «Маңғыстау – келісім мен бірліктің мекені» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде өткен ашық сабаққа «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы қатысып, қатысушыларға биылғы жылдың маңызын айтты.
Ал, Н.А.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейде өткен тәрбие сағатына «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Бернеева Зульфия Идаяттулақызы қатысып, өткізіліп жатқан сабақтың маңызына тоқталды. «Биылғы жыл өте маңызды жыл екендігі бәрімізге белгілі. Биыл – ҚХА 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы. Осындай даталарды атап өтпеу мүмкін емес, бүгін міне мен №7 лицейге келіп, балалардың осы өткізілген сабақтан қандай білім алғанын көріп, риза болып отырмын. Осындай сабақтың өтуіне себепші болған «Қоғамдық келісім» мекемесі мен Маңғыстау облыстық білім басқармасына алғысым шексіз», - деді.
Танымдық сабаққа қатысқан 7 «А» сынып оқушысы Екатерина Гвоздева: «Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні. Осыған орай, жер-жерде алғашқы қоңырау соғылып, балалар мектепке ағылуда. Мен де бүгін мектепке келіп, «Қоғамдық келісім» КММ мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «Маңғыстау – келісім мен бірліктің мекені» атты сабаққа қатыстым. Өте көп ақпарат, білім алдық. ҚХА жайлы фильм көріп, көп мәліметке қанықтық. Ассамблеяның бүгінгі жеткен жетістігі - Елбасының арқасы деп білемін. Өйткені, Мемлекет басшымыз осы жолда аянбай еңбек етіп келеді. Барша қазақстандықтарды бүгінгі білім күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деп толқи сөйледі.
Ақтау қаласындағы №9 орта мектепте ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатына «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өкілі Абаев Валерий Валериевич қатысты. Шара барысында Валерий Валериевич балаларға ҚХА жұмысы мен Елбасының осы жолда аянбай еңбек етіп келе жатқандығы туралы әңгімелеп берді.
«Маңғыстау - келісім мен бірліктің мекені» атты танымдық сабағы Маңғыстау облысының барлық аудандарындағы және Ақтау қаласындағы мектептерде, облыстық дарынды балаларған арналған «Дарын» мектеп-интернатында өтті.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ