26 Қыркүйек, 2023
401
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
2023 жылы 25 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібіндегі облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ардагерлер мен жастар, қоғам белсенділері, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтау қаласындағы Бас консулдар мен саяси партиялар өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, әскери бөлімдердің командирлері және БАҚ қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам.
Сессия барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ассамблеяның алдына қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бойынша нақты міндеттер қойды.
Сессияның күн тәртібінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 2023 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстары, оның ішінде негізгі бағыттары туралы, ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлі, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің, «Ассамблея жастары» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының жұмыстары және т.б. Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының туралы қарастырылды.
«Бүгінгі таңда Ассамблея қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, оның шешімін табуға зор үлес қосып келеді. ҚХА жанында құрылған кәсіпкерлер, аналар, ақсақалдар кеңестері, медиация институты бұған дәлел» - деді облыс әкімі Н.Ноғаев.
Сессияда сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ директоры А.Джаилханова Қазақстан халқы Ассамблеясының 4 базалық жобалары аясында жасалған шаралар туралы баяндап, мекеменің алдағы жоспарларына тоқталды.
Сессия барысында облыс ассамблеясының қоғамдық құрылымдары Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша шалғай ауыл-аймақтарда жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету туралы кеңінен сөз етті.
Сессияны қорытындылаған аймақ басшысы этномәдени бірлестіктер этносаралық келісімнің, бірлік пен тұрақтылықтың драйвері ретінде этностар мен мемлекет өкілдерін бір шаңыраққа біріктіретінін ерекше атап өтті. Бұл ретте Н.Ноғаев Жаңа Қазақстанда реформаларды жүйелі жүзеге асыру үшін бірлескен күш-жігерді жұмылдыру қажеттігін айтты.
Сессия соңында өңірдегі қоғамдық келісім мен бірлікті сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін Ассамблея белсенділеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29