23 Тамыз, 2024
254
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
Іс-шара жыл сайын балаларды мектепке даярлауға атсалысу және оларға мерекелік көңіл-күй, қуаныш сыйлау, көңіл бөлу, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.
Акция аясында өткен мерекелік шараны «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Амангүл Жайылханова мен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты, Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Жомарт жан» орталығының төрағасы Беляева Ирина ашып, оқушыларды алдағы білім күнімен құттықтады.
Мерекелік шараға қатысқан Ішкі саясат басқармасының өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлері, меценаттар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жастары балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында «№58 «Балауса» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК мен «Қоғамдық келісім» КММ-сі қызметкерлерінің балалары «Алтын күз» топтамасымен түрлі танымдық киім үлгілерін көрсетті.
Акция аясында ұйымдастырушылар мектеп оқушыларына арнайы сертификаттар табысталып, мерекелік концерт қойылып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараға үлес қосып, демеушілік көрсеткен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты, Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Жомарт жан» орталығының төрағасы Беляева Ирина Валерьяновна, Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, Тарас Шевченко атындағы Украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Белоножкина Оксана Юрьевна, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жакаева Сауле Бердихановна, «Respublica» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Хайруллаев Нұржігіт, «Жомарт жан» орталығының мүшелері Тагиев Таги Зираддин оглы, Фаталиева Зарета Ахмедуллаховна, Аймурзаева Раушан Нұрғалиқызы, «Ала-Тоо» Қырғыз этномәдени бірлестігі, «Сәлем-Намасте» Үнді этномәдени бірлестігі, «Достлуг» Әзірбайжан этномәдени бірлестігі, Белорус этномәдени бірлестігі, «Сакартвело» Грузин этномәдени бірлестігі, «Маңғыстау облысының Əзірбайжандар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі, «Видергебурт» Неміс этномәдени бірлестігі, «Самур» Лезгин этномәдени бірлестігі, «Чосон» Кәріс этномәдени бірлестігі, «Алан» Осетин этномәдени бірлестігі, «Булгар» Татар этномәдени бірлестігі, Дүнген республикалық этномәдени орталығы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, Русское землячество этномәдени бірлестігі және «Вайнах» Шешен-Ингуш этномәдени бірлестігіне алғыс білдіреміз!
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32