Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Тамыз, 2015

1168

Маңғыстау облысы ҚХА этномәдени бірлестіктер жанында «Жас Қанат» жастар ұйымы ашылды

2015 жылғы 26 тамызда Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының ғимаратында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында жастармен өткізіліп жатқан іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында және мемлекет пен халық игілігі үшін жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін біріктіретін күш ретінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас Қанат» жастар ұйымын ашты.

Аталмыш іс-шара ұйымдастырушылары МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ мен ҚХА Маңғыстау облыстық хатшылығы.

Жастар орталығының ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, ҚХА Маңғыстау облысындағы хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңадан ашылған «Жас Қанат» жастар ұйымының негізгі міндеті жастарға семинар-тренингтер, кездесулер өткізу. Орталыққа жауапты маман – Күмісқалиева Қамқа Көпжасарқызы. Орталықтың тағы бір ерекшелігі– мұнда жастарға үздіксіз қызмет көрсетіп call-орталығы ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблесының этномәдени бірлестіктер жанындағы «Жас Қанат» жастар ұйымының мүшелігіне 40-тан аса жас қабылданды. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы және этномәдени бірлестіктердің төрағалары  «Жас Қанат» жастар ұйымы қатарына қосылған белсенді жастарға ұйымның карточкаларын табыстады. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар өз сөздерінде ұйымды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Аталмыш іс-шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

«Жас Қанат» жастар ұйымының негізгі міндеті жастарға семинар-тренингтер, кездесулер өткізу. Орталыққа жауапты маман – Күмісқалиева Қамқа Көпжасарқызы. Сонымен қатар, орталықтың жастарға үздіксіз қызмет көрсетіп call-орталығы да бар.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай