07 Шілде, 2019
207730
Маңғыстау облысында «7 қасиетті домбыра сыйға тарту» шарасы өтті
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 шілдедегі №699 Жарлығымен белгіленген жаңа мереке «Ұлттық Домбыра күнін» мерекелеуге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» акциясын өткізуді жалғастыруда.
Домбыра – бұл жәй ғана музыкалық аспап емес, Бұл – қазақ үшін тұтас бір әлем, шексіз ғалам, оның өмірі. Халықта «қазақтың жаны – домбыраның үнінде» деген сөз бар.
ҚХА акциясы ежелгі дәстүр – әр үйде домбыра болуын, оның ата-бабалардың сан ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениетінің сақталуына жәрдемдесіп, ұлттық кодты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан нышаны ретінде әр үйдің төрінде тұруын жаңғыртуды көздейді.
2019 жылғы 7 шілдеде Маңғыстау облысының барлық өңірлерінде, Ана мен бала орталығында, Ақтау қалалық перзентханасында мерекеге орай «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауы ұйымдастырылып, дүниеге келген сәбилерге Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі бар ұлттық аспап – домбыра салтанатты түрде табыс етілді. Әр сыйлықпен бірге сәбиге Домбыраның мәні мен құндылығы туралы хабардар ете отырып, ақ тілек жазылған алғыс хат пен сый-сыяпат қоса берілді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауында келесі номинациялар бойынша марапатталады:
1. Бір анадан туған ең көп бала - 1
2. Ерекше есім - 2
3. Домбырашы ана - 2
4. Ұлттық Домбыра күні бірінші дүниеге келген сәби - 2
Ағымдағы жылдың 3 шілде күні Маңғыстау облысы «Ана мен бала» орталығында үшемді дүниеге әкелген ана Мусағалиева Гүлдана Мақсұтқызы «Бір анадан туған ең көп бала» аталымы бойынша марапатталып, алғыс хат пен сый-сыяпат көрсетілді. Бұл шараға «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Газибеков Курбанали үлес қосып, қазақтың қасиетті домбырасын өз қаражатына сатып алып, сыйға ұсынды.
7-шілде күні сағат 10:00-де Маңғыстау облысы «Ана мен бала» орталығында «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауы аясында «Ерекше есім», «Домбырашы ана», «Ұлттық Домбыра күні бірінші дүниеге келген сәби» номинациялары бойынша аналар мен сәбилер марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.
7-шілде күні сағат 11:00-де Ақтау қалалық перзентханасында жоғарыда аталған номинациялар бойынша аналар мен сәбилер марапатталды.
Бұл шараға Маңғыстау облысы этномәдени бірлестік өкілдері, атап айтқанда «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі, «Достлуг» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, «Сакартвело» грузин этномәдени бірлестігі, «Аналар кеңесі», РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы мүшесі Чигин Артем ерекше үлес қосуда. Ұлты басқа болса да, қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны дәріптеу арқылы қоғамда ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясын насихаттауда.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті