Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2015

2025

Маңғыстау облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты форум өтті.

 

Маңғыстау облысында ҚХА(Қазақстан халқы Ассамблесы) 20 жылдығы аясында «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» форумы өткізілді. Шараны «Қоғамдық келісім» мекемесі мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаны ұтып алған «Мейірімді Ақтау»ҮЕМ(Үкіметтік емес ұйымы) бірлесе ұйымдастырды.

Маңғыстау облысында ҚХА(Қазақстан халқы Ассамблесы) 20 жылдығы аясында «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» форумы өткізілді. Шараны «Қоғамдық келісім» мекемесі мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаны ұтып алған «Мейірімді Ақтау»ҮЕМ(Үкіметтік емес ұйымы) бірлесе ұйымдастырды. Форумға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы, ҚХА Маңғыстау облысындағы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, этно-мәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, 10 саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, Мемлекеттік мекемелер, облыстық ҰОС ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыс әкімдігінің өкілдері, аудан мен қала әкім орынбасарлары, әлеуметтік сала қызметкерлері(білім, денсаулық, мәдениет, ішкі саясат басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, дін істері басқармасы), «Ақтау теңіз порты» АЭА», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ,  "Қазмортрансфлот" ұлттық теңіз кеме компаниясы" АҚ, «МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп» кәсіпорны, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның басшылары, арнайы және орта білім беру орындарының студенттері мен БАҚ  өкілдері қатысты.

Шара басында қатысушылар «Салават» башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырған қолөнер бұйымдарының көрмесі мен репрессия құрбандарының өмірінен сыр шертетін фотокөрмені тамашалады.

Форум «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты деректі фильмімен басталды. (aktau_dostyk.kz)

Форумды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы сөз сөйлеп ашты. Бағдарлама аясында түрлі баяндамалар оқылды.

Баяндаманы бірінші болып Ғылыми сараптамалық топтың мүшесі,   тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов атындағы КМТИУ-нің оқытушысы Абланова Эльвира Амангелдіқызы «Маңғыстау халқы саяси репрессия жылдарында» тақырыбында оқыды. Ол өз баяндамасында саяси репрессия жылдарындағы Маңғыстау халқының хал-ақуалына тоқталды. Ол жылдардағы халықтың қалай қайғы-қасірет шеккендігін айта келіп, еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аямаған әкімшілік-жазалаушы  жүйенің қаталдығын айтты.

Ал, «Қазақстан кәрістері ассоциясының» Ақтау қалалық филиалының өкілі Ким Эхман Авинирович «Воспоминания из моего детсва» атты тақырыбында баяндама оқыды. Эхман Авинирович балалық шағымен тұспа-тұс келген жылдарды баяндап, қиын-қыстау заманда қол ұшын созған қазақтардың бауырмалдылығы мен мейірімділігін айтты. Ол өз сөзінде қаңқұйлы  жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі еске сақтау, әрбір жанның азаматтық парызы екендігін жеткізіп, жастарды Отанды сүюге шақырды. Ким Авинирович сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бүгінде әлемнің алпауыт елдерімен терезі тең тұрғанын айтып, Қазақ еліне деген өз алғысын білдірді.

Форумда Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Қалағанов Нұрболат Қыдырұлы «Трагические страницы истории Мангистау в экспозиционной работе музея» тақырыбында баяндама жасады. Нұрболат Қыдырұлы зарлы жылдардың ақиқатының зерттелуі жөнінде мағлұмат беріп, облыстық мұражайда репрессия құрбандарына арналған арнайы көрмелердің жасақталғанын айтып, ол көрменің құндылығына тоқталды. Ол сондай-ақ, бұл тарихи оқиғаның әлі де зертеліп жатқандығын мәлімдеді.

Форумға БАҚ өкілдері де қатысып, өз ойын ортаға салды. «Маңғыстау» газеті бас редакторының орынбасары Мұрат Жетекбай «Маңғыстаулықтар-қуғын-сүргін құрбаны» тақырыбында баяндама оқып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болғандарың арасында Маңғыстаулықтардың да барын айтып өтті. Сонымен қатар, Мұрат Жетекбай өз баяндамасында Сталиндік қуғын-сүргін құрығына іліккен қазақ зиялылары жайлы да баяндады.

Ал, бесінші баяндамашы Клее Маргарита Оттовна «О депортации немецекого народа» тақырыбында баяндама жасап, сол жылдары Қазақстанға қоныс аударылған неміс халқына тоқталып, саяси  қуғын–сүргін салдарынан мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беті ешқашан ұмытылмайтындығын, ел жадында мәңгі қалатынын жеткізді. Маргарита Оттовна ХХ ғасырдың 30-40 жылдары департацияға ұшыраған неміс халқы жайлы айтып, балалық шағымен тұспа-тұс келген жылдар жайында сыр шертті. Ол сондай-ақ, қазақ халқының ұлылығы мен даналығына бас иетінін жеткізді. Сонымен қатар, Маргарита Оттовна өз сөзінде қазақ халқымен туысқандығын айтты. Туған апасының қазаққа тұрмысқа шығып, бүгінде саналы да, тәрбиелі 13 ұл-қыз тәрбиелеп отырғанын жеткізді.

Форумда «Мейірімді Ақтау» ҮЕҰ қолдауымен қатысушылар назарына «АЛЖИР-дегі»  әйелдердің өмірі көрсетілді. Тетарлық қойылымды Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр әртістері қойды.

Шарада «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Жайылханова Амангүл Әбдіғалиқызы сөз сөйлеп, форумның тарихи маңызы жайында айтты. Салиқалы кездесу аясында қиын-қыстау жылдарда Қазақстанға қоныс аударылған өзге ұлт өкілдеріне сый-сияпат жасалды.

Форум «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Ислам Музаевтың «Спасибо степному казаху» әнімен өз мәресіне жетті.

Содан соң, жиналғандар зұлмат заманның зардабын тартқан Маңғыстаудың қайсар ұлы, Жалау Мыңбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, естелікке суретке түсті.

Шара соңында «Мейірімді Ақтау» ҮЕҰ форум қатысушыларына арнайы дастархан жайып, ілтипат көрсетті.

Форум ҚХА 20 Жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарына еске алу күніне арнайы ұйымдастырылды. Шара барысында «Мейірімді Ақтау» ҮЕҰ форум қатысушыларын 6 маусым күні Оғландыдағы Бекет Ата жерасты мешітіне зиярат етуге апаратын болып шешім қабылдады.

Форумға арнайы зұлмат жылдардан сыр шертетін буклеттер, форум бағдарламасы мен Қазақстанға күштеп қоныс аударылған өзге ұлт өкілдері мен қазақ зиялыларының ғұмырынан сыр шертетін сурет көрмелері жасалды.(aktau_dostyk.kz).

Форум Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары-Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасының шығуымен тұспа-тұс келгендіктен, Елбасының 100 нақты қадамы жайлы 2500 дана (aktau_dostyk.kz) ақпараттық парақша мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудандардан келген әкім орынбасарларына таратылды.

          Форум барысында түсірілген фото мен видео aktau_dostyk.kz сайтында жарияланды.

«Достық үйі» мекемесінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Кейін қарай