24 Наурыз, 2016
875
Маңғыстау облысында сайлау жоғары деңгейде өтті
Ел тарихындағы маңызды іс-шара Маңғыстау облысында да ойдағыдай өтті. Маңғыстаулықтар сайлауға келіп, өз таңдауын жасап, белсенділік танытты.
Саяси маңызы бар іс-шараға этномәдени бірлестіктер мүшелері де қатысты. Солардың бірі, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Зульфия Бернеева.
-Бұл сайлау баршамыз үшін маңызды болды. Осы сайлау арқылы депутаттардың жаңа толқыны келеді деген ойдамын. Мен өз дауысымды кемел келешек үшін бердім. Жаңадан сайланған депутаттар ел тыныштығы мен бірлігі жолында аянбай еңбек етеді деп ойлаймын, - деді ол.
Маңғыстау облысында халық үшін 199 сайлау учаскесі таңертеңнен кешке дейін қызмет көрсетті. Сонымен қатар, әр сайлау учаскесінде аймақ тұрғындары үшін азық-түлік жәрмеңкелері мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Халыққа өнер көрсеткендердің қатарында Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жас қанат» ұйымының өнерпаздары да бар.
- Жалпыхалықтық іс-шарада өнер көрсету мен үшін зор құрмет болды, дейді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі, әнші Ислам Музаев. -Біз бүгін №36 сайлау учаскесіне келгендерге керемет көңіл-күй сыйлау мақсатында өнер көрсеттік. Сайлау маңызды іс-шара болғандықтан, мен «Менің Қазақстаным» әнін орындадым. Маңғыстаулықтар ел келешегіне сеніммен қарап, өз таңдауларын жасады.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады