14 Қыркүйек, 2015
1301
Маңғыстау облысындағы «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Маңғыстау ауданында. 4-күн
Маңғыстау облысындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы 14 қыркүйек күні Маңғыстау ауданындағы тарихи-мәдени орындарын аралады.
Маңғыстау облысындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы 14 қыркүйек күні Маңғыстау ауданындағы тарихи-мәдени орындарын аралады.
Экспедиция мүшелері ең бірінші Отпан таудың ұшар басында орналасқан Адай ата кесенесіне барып, Адай атаның тарихымен танысып, Ақсарай мұражайын аралады. Мұражайдағы экспозиция залдарына экскурсияны «Отпан тау» МКҚК қызметкерлері Құралай Ізімбергенова мен Жомарт Айдарбек жүргізді. Жомарт Айдарбек Отпан тау тарихи этно-мәдени кешені, тарих сахнасында 15 ғасырда пайда болған Адай атаның тұлғасы туралы ақпарат берді.
Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында халықпен кездесу өтті. Онда экспедицияны Маңғыстау ауданының әкімі Ж.Айтуаров, ауыл ақсақалдары, оқушылар, мұғалімдер мен белсенді жастар күтіп алды. Аудан әкімі жұртшылыққа экспедицияның маңызын айтып, ауыл ақсақалдары оларға ақ жол тіледі. Экспедиция мүшесі ҚХА МО хатшылығының ҒСТ мүшесі Э. Абланова жобаның міндеті мен маңызы туралы айтты.
Бұдан кейін аудандағы Айрақты тауы мен Шерқала тауына барған экспедицияға аудандық жастар саясаты орталығының директоры Аллаберген Қонарбаев жол бастап, көрікті жерлер тарихын айтып берді: «Айрақты –Қазақстандағы ірі ас тұзы және мирабилит тұздарының кен орны ретінде белгілі. Ол - Маңғыстаудағы ең сұлу таулардың бірі. Сырт көзге төңкерілген кесе, киіз үй немесе жасырынып тұрған жануарға ұқсайтын Шерқала Маңғыстау облысындағы киелі мекеннің бірі болып табылады. Сайын дала төсінде алыстан сұлулығымен адамды еліктіретін тау. Оның басына шығу өте қиын. Белгілі зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, орта ғасырларда тау бөктерлерінен Ұлы Жібек жолы өткен».
Жұмыс сапарында экспедиция мүшелері Маңғыстау ауданының тарихы туралы жан-жақты ақпарат жинады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті