Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Тамыз, 2016

1031

Маңғыстау облысындағы «Медиация күні»

Елімізде даулы мәселені оңтайлы шешудің баламалы тәжірибесі ретінде 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» №401-IV Заңы қабылданып, сол жылдың 5 тамызында заң күшіне енген болатын. Заңды ресми қабылдауға үлкен дайындық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстандық ғалымдар мен заңгерлерге шетелдік заңды практикасын талдау және қорытындылауға,  көп ұлтты еліміздің нақты жағдайларына медиацияны пайдалану мүмкіндігін зерттеу үшін бір жылдан астам уақыт қажет болды.

Бүгін Қазақстанның бүкіл аймақтарында сияқты маңғыстау облысында да «Медиация күні» республикалық акциясы өтті. Оны ұйымдастырушылар – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облыстық соты және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі.

Достық үйінде ауданымыздың кәсіби және кәсіби емес медиаторларының қатысуымен салтанатты ашылу өтті. Олардың арасында этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар. Бүгін күні бойы олар азаматтарды қабылдап, медиаторлар келушілерге тегін консультациялар беруде және ситуациалық тренингтер өткізілді.

Медиацияның мақсаттарына тоқталсақ, біріншіден, ҚХА қызметінде медиация институтын ілгерілету және дамыту,  екіншіден дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Сондай-ақ, медиацияны қылмыстық процесте және юрисдикцияның басқа да салаларында ғана емес қоғамның азаматтық секторында да пайдалануға болады.

Бүгінгі жиналыста Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.М. Имангалиева, облыс әкімінің кеңесшісі, кәсіби тренер-медиатор В.В.Трифонов,  «Туған ел» қоғамдық бірлестігінің басшысы, кәсіби медиатор  А.Е. Кемеладинова сөз сөйледі. Күн тәртібінде - Медиацияның Маңғыстау облысындағы практикалық тәжірибесі; аймақта медиация саласының даму перспективалары және т.б.

Достық үйінің медиация кабинетінде кәсіби медиаторлар белсенді жұмыс атқаратын болады, сондай-ақ 8(7292) 43-10-74 нөмірі бойынша тегін жедел байланыс телефоны жұмыс жасайды. 

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай