
26 Наурыз, 2019
1613
Маңғыстау облысының ҚХА Наурызды Каспий жағалауында қарсы алды
Наурыз мерекесіне орай теңіз жағалауына 26 ақ киіз үй тігілді. Оның үшеуі Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесіне тиесілі болды. Киіз үйлер шағын ауыл түрінде орналастырылды.
Қарақалпақ пен әзірбайжан этномәдениет орталықтарының киіз үйлерінің алдына ұлттық тағамдардан мерекелік дастархан жайылды. Әр киіз үйдің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтары үшін театрландырылған қойылымдар көрсетті. Әз-наурызды атап өтуге жағалауға жүз мыңға жуық адам жиналды.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстауда мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асыру басталғанын атап өтті. Е. Тоғжанов жағдайы төмен 10 отбасыға 100 мың теңге көлемінде бір реттік көмек табыс етті.
«Наурыз – жаңғыру мен жаңарудың, еңсесі биік елдіктің, татулық пен бірліктің, ырыс пен молшылықтың белгісі. Маңғыстауда наурыз айы қайырымдылық айы болып жарияланды. Ақпан айынан бастап өңірде бір қатар қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. Қалалар мен аудандарда жергілікті кәсіпорындар басшыларының, кәсіпкерлердің қолдауымен 1842 мұқтаж жанға, соның ішінде көп балалы отбасыларға 32 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуен» акциясы бастау алып, ол 2019 жыл бойы өткізілетін болады», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, жағалауда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен еңбек ардагерлерге құрмет көрсетілді және «Ұлыс күні – Ұлы көш мәдениет мекемелері ұжымдарының шеруі, жергілікті қол өнершілердің жәрмеңкесі, «бауырсақ» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Этномәдиниет өкілдері 100 кг бауырсақ пен 200 кг палау дайындап, оны халыққа тегін таратты.
Іс-шара этномәдениет орталықтарының жас әртістерімен дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты