Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

853

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» ФОТОКӨРМЕСІ

27 қараша «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен «25 жұлдызды күн» жалпыреспубликалық акция бойынша  «Үлкен ел – Үлкен Отбасы» атты фотосуреттер көрмесі өтті. Көрмеде Маңғыстау облысы бойынша ел татулығы мен бірлігін нығайту жолында қызмет атқарып келе жатқан этномәдени бірлестіктер мен өңірімізге еңбегі сіңген қоғам қайраткерілері туралы ақпараттар қойылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы мен студенттер қатысты.

Мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан халқының татулығын, бірлігін халқымызға таныстыру мен жастардың бойына сіңіру болып табылады.

Іс-шара шымылдығын Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы ашты. Сонымен қатар, этномәдени бірлестік төрағалары сөз сөйледі. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ән-билер орындалды.

Көрме 1 апта жалғасады. Оған Маңғыстау облысының барлық тұрғындары келіп, фотосуреттерді тамашалай алады.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай