Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Ақпан, 2017

879

МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

3 ақпан Достық үйінде МО «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ҚР Президентінің Жолдауын қолдау мақсатында Маңғыстау жастары арасында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жастар саясаты мәселелері басқармасы, Ақтау қалалық жастар орталығы, «Ақ жол жастар» ұйымы, жастар ресурстық орталығы, "Келешек" жастар қанаты, «Ұрпақ Next» жастар қоғамдық қоры, "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы", ҚХА жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымының мүшелері қатысты.

Мақсаты –  Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Халыққа Жолдауына қолдау білдіру  және жастар арасында насихаттау.  

 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығының» мүшесі, әлеуметтанушы Нұрбек ӨТЕГЕНОВ  өз сөзінде:

«Елбасы өз Жолдауында ең маңызды салалардың жаңғыруына көп мән берген. Соның бірі – денсаулық саласы. Қазір заман талабына сай  әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа технологиялық сервистеріне көштік. Бұрынғыдай ауруханаларда кезекте тұрмаймыз. Кәсіби дәрігерді, сапалы ем қабылдауды өзіміз таңдауға мүмкіндігіміз бар. Керек десеңіз уақытты да таңдауға болады. Жолдаудағы әрбір басымдықтың маңызы зор. Елбасы қандай шешім қабылдаса да, бәрі – халықтың қамы үшін. Сол себепті, мен Елбасы Жолдауын қуана қолдаймын»,-деді.

«Ұрпақ Next» ЖҚҚ директоры Гүлжанат МҰРАТБАЙ:

«Расында да, Қазақстан қазір ең ғажайып заманды бастан кешіруде. Жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасалып отыр. Жыл сайын жаңа кезеңдерден сүрінбей өтіп, жарқын болашаққа аяқ басып келеміз. Президент Н.Назарбаев, халыққа, әсіресе жастар жағына бағыт-бағдар көрсетіп, жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Біз сол мүмкіндіктерді тек дұрыс пайдалана білсек болды. Елбасы біз үшін осындай жағдайларды жасаса, Біз Елбасы Жолдауына не себепті қолдау көрсетпеске...».

«Ақ жол жастар» ұйымының мүшесі Жанұзақ ҚОЙШЫҒҰЛОВ :

«Мен Елбасы Жолдауын әсіресе жастардың түсініп, қолдағанын қалаймын. Себебі, қазіргі жастардың ой-өресі жоғары ғой. Көпті көрмесе де, ой түюі ересектерден кем емес. Оның үстіне, саяси шешімдерге араласып, үн қосу патриоттық сезімді одан әрі оятады. Осындай жиындар азаматтардың жастайынан мемлекеттік істерге араласуына жол ашады».

Кейін қарай