Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

488

Маңғыстауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын қорытындылады

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республиқасының Тұңғыш Президенті күніне орай Маңғыстау қарашада салтанатты жиын өтті. Шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, қоғамдық өкілдері, жастар және меценаттар қатысты.

Серікбай Трұмов жиналғандарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының жемісті іске асатынына және алдағы реформаларға жалпыұлттық қолдау болатынына нық сенімдіміз! Тұрақты татулық, қоғамдық келісім мен халық бірлігі – еліміздің қарқынды дамуының кепілі болды және бола береді деп тұжырымдаймыз. Азаматтардың әл-ауқаты артып, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, дами берсін! Баршамызға сәттілік тілеймін!»,- деп атап өтті облыс әкімі.

​Маңғыстау облыстық жастар қозғалысы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшесі Джамалай Элимханов ​ «Бір мемлекет, бір тіл» тақырыбында сөз сөйледі. Сонымен қатар​ «Шаңырақ» қоғамдық қорының жетекшісі Рыскүл Иглікова «Өңір демографиясын дамытудағы - Аналар кеңесінің үлесі» туралы баяндады.

Жиын сонында Маңғыстау облысының әлеуметтік - экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық саласындағы ерен еңбектері үшін ​ 20 этномәдени бірлестіктердің мүшелері және қоғам өкілдері «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық​ медалімен марапатталды


Кейін қарай