22 Сәуір, 2022
954
Маңғыстауда халықаралық кітап күнін атап өтті
Халықаралық кітап күніне және Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қабиболла Сыдықов атындағы кітапханада "Salem-Namaste" үнді ЭМБ бұрышының ашылуына арналған мәдени іс-шара өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігінің қолдауымен өтті, оған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, МО ІСБ «Қоғамдық келесім» КММ қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы университеттің, IT лицейдің, Инновациялық колледжінің студенттері, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Қонақтарды қарсы алған "Salem-Namaste" үнді этномәдени бірлестігінің төрағасы Надежда Сергеевна Вадодария Үндістан мен Қазақстан арасындағы достыққа тоқталып, елдеріміз арасындағы байланысты сақтау мен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін айтты.
Іс-шараға онлайн форматта Нұр-сұлтан қаласындағы Үндістан Елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық атынан Санжей Веди қатысты.
Санджай Веди өз кезегінде іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына үнді халқының мәдениетіне азаматтық белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғысын білдірді. Үндістан Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталық облыстық кітапханаға 5 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, хинди, араб) 251 кітап тапсырды.
Бұдан кейін үнді қауымдастығының өкілі қонақтарды жыл ішінде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Шара соңында «Сіз Үндістан туралы не білесіз?» тақырыбында интерактив өткізді. Жиналғандар үлкен ынтамен қызықты әрі пайдалы деректер айтты. Интерактивті шараға белсене қатысқандар үнді шайын сыйға алды. Іс-шараның барлық қатысушылары ұйымдастырушыларға осындай танымдық және мәдени уақытты өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23