07 Наурыз, 2019
1191
Маңғыстауда мұқтаж отбасылырға деп 3 млн теңге қаржылай қайырымдылық көмек жиналды
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Мейірім, бірлік, алғыс» атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік шара басталар алдында ұлттық салт-дәстүрлерге арналған бірегей көрме-экспозиция ұйымдастырылды.
Оның барысында қонақтарға жылқы, киіз үй жабдықтарымен байланысты экспонаттар ұсынылды. Сондай-ақ, көрмеге жергілікті тауар өндірушілер қымыз, шұбат, айран және басқа да өнімдерін ұсынған.
Достық үйінің сахнасында әр түрлі этностық топтардың шығармашылық ұжымдары өз өнерін көрсетті. Сонымен қатар, облыс әкімі Ералы Тоғжанов жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Өз кезегінде «Вайнах» шешен-инғұш этномәдени бірлестігінің төрағасы Магомед Лорсанов алғыс сөзінде өзінің ауру анасының омырауын емген нәресте кезінде жер аударылған сонау елуінші жылдарғы ауыр кезеңде қазақ әйелі тамағын тойдырып, аман алып қалғанын еске алды.
«Сол әйелдің арқасында мен тірі қалдым,-деді Магомед Омарұлы. Менің екі анам бар, бірі - менің туған анам, ұлты шешен, екіншісі - қазақ, есімі Зәуреш. Өзімнің тарихи отаныма барғанымда, мені білетін азаматтар мені қазақ деп атайды. Мен оны мақтан тұтамын. Ал мен Қазақстанның басқа қалаларына барсам, адай дейді. Өзімді қазақ халқының бір бөлшегі санайтындықтан, бұл да мен үшін ерекше мақтаныш».
Концерттік бағдарлама этномәдени бірлестіктерінің мерекелік нөмірлерімен жалғасты. Олардың арасында он жасар Армен Саакянның «Туған жер» әні, Ислам Музаевтың орындауындағы «Спасибо степному казаху» әні, Галина Погорелованың орындауындағы «Дастархан» әні, «Шадвал» ансамблінің әсерлі биі көрермен жүрегіне жол тартты.
Мерекелік шара барысында Қазақстан халқы ассамблеясы залында мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін қаржылай көмек ұйымдастырылды. Осылайша бір кеште 3 млн. теңгегің қаржысы жиналып, ол 7 отбасыға тең бөлінді (облыстың әр ауданы мен қаласынан 1 отбасына).
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:
МАҢҒЫСТАУДЫҢ ТАНЫМАЛ ЖЕРЛЕРІНЕ САЯХАТ
МАҢҒЫСТАУ – КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕКЕНІ
МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР АМАЛ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті