
29 Наурыз, 2017
852
Маңғыстауда «Наурыз мерейі» атты облыстық қайырымдылық акциясы жалғасуда
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың өкіміне сәйкес, облыс көлемінде ағымдағы жылдың 20 наурыз – 20 сәуір аралығында «Наурыз мерейі» атты облыстық қайырымдылық акциясын өткізу жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде.
Аталмыш акция аясында Маңғыстау облысы Қазақстан залқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға және басқа да көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету іс-шаралары өткізілуде. Сонымен бірге, өз қол үшін беруге №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігерлері мен медбикелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары бірлестіктердің төрағалары қатысуда.
Бүгін 28 наурыз күні, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің бастамасымен, Ақтау қаласы, 7-ші шағынаудан, 5-ші үйде мекен ететін 4 тұрғынға қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл тұрғындардың тұрмыс жағдайлары жақсы бағуда болғанымен, төсек тартып, әрдайым жергілікті дәрігерлердің бақылауында отырған азаматтар. Олардың арасында Чернобыль апатына қатысушы, 3-ші топтағы мүгедек, тыл ардагері мен инсульт алған адамдар бар. Жергілікті учаскелік дәрігерлер әрдайым бақылауда ұстап, денсаулықтарына уақтылы жәрдем беріліп тұрады. Меценат тарапынан раушан гүлі, тәттілер мен ең қажетті тағамдар кәрзеңкесі берілді. Сонымен қатар, дәрігерлер тарапынан медициналық жәрдем ұйымдастырылды. Соның ішінде, қан қысымын өлшеу, қан құрамын анықтау, екпелер егу және керекті дәрі – дәрімектер таратылды.
Акция аясында, жоғарыда көрсетілген азаматтарға Наурыз мерекесімен құттықтап, тұрғындардың жағдайларымен танысып, жеке мәселелерін тыңдауға келген Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы А. Джайлханова, облыстық мәслихатының депутаты, меценат Өрісбаев Абат Жәңгірханұлы және № 1 Ақтау қалалық емханасының бас медбикесі Кенжебекова Надежда Мектеповна мен дәрігер Мәлсова Ботагөз және 2 медбикеге өз қолдауларын білдіріп, көмектерін көрсеткені үшін, тұрғындар өз алғыстарын жеткізді.
«Рахмет баршаңызға. Жасымыз үлкейгесін, ауырып қалғасын, жалғыз жүру қиын, Наурыз мерекесін телевизор арқылы тамашаладық. Елімізде тыныштық болсын, бірлік болсын. Сәттілік тілеймін, бақытты болыңдар!» - деді Дашковская Татьяна, 1934 жылы туылған, мүгедек, еңбек ардагері.
Осындай игі істер алдағы уақытта облыс көлемінде орналасқан елді мекендерде өз жалғасын табады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті