31 Қазан, 2018
2443
МАҢҒЫСТАУДА ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтау қаласында үздік 14 меценат салтанатты түрде марапатталды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық үйі» ғимаратында облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Шараға облыс әкімі Е. Тоғжанов, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан, қала әкімдері, облыстық ірі компания өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ туған ауылы мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген меценаттар қатысты.
Шара барысында облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы сөз сөйлеп, Маңғыстаудың дамуына үлес қосқаны үшін 14 үздік меценатты марапаттады.
Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясымен Асқарбек Керелбаев пен Сәкен Есенгелдин марапатталды.
Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы Дүйсебай Табылдиев, Сұңғат Мұңалбаев және Мұхит Лесбаевқа табысталды.
Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Даметкен Шакенова, Иса Бимырзаев пен Аббат Өрісбаев иеленді.
Әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушлік жасағаны үшін «Үздік ұйым» номинациясымен Бақытжан Қожанепесов, Асылбек Жолдыбаев және Қуанышбек Әбдірахман марапатталды.
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілігі» номинациясымен Антонина Огай, Сәнім Мурадова мен «Үммет жастары» қоғамдық ұйымы марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті