29 Сәуір, 2016
1014
Маңғыстаулық делегаттар ҚХА XXIV сессиясына қатысты
«Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» - бұл биылғы сессияның негізгі тақырыбы. Іс-шараға 1500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Ассамблеяның өңірлік өкілдері де бар. Маңғыстау облысынан 21 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері қатысты. Сондай-ақ ҚХА XXIV сессиясына «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы өкілдері қатысты.
Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздігіміздің ұлы құндылықтарының бірі екенін атап өтті. XXIV сессияға қатысқан Маңғыстаулық делегаттар Мемлекет басшысының айтқан әрбір сөзі мен міндеттеген әр тапсырмасын ұйып тыңдады. Елордада өткен 24-ші сессиядан қайтқан этномәдени бірлестіктер төрағалары өз әсерлерімен бөлісті. «АЛА-ТОО» Қырғыз этномәдени бірлестік төрағасы Құрбанали Газибеков:
Астанада өткен ҚХА XXIV сессиясынан алған әсеріміз керемет. Елбасы жиналғандардың алдында көптеген мәселерді көтерді. Оның ішінде жер мәселесі, білім, медиация туралы сөз болды. Сонымен қатар, Маңғыстаудан келген делегаттар өтіп жатқан іс-шара туралы республикалық «Хабар», «Қазақстан» арналары мен «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат бердік. «Алан» осетин этномәдени бірлестіктің төрайымы және мен президумда отырдық. Ол әрине біз үшін үлкен мәртебе!
Іс-шара соңында Елбасы алда келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты