Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Маусым, 2015

811

Маңғыстаулық өнерпаздар Астанада өткен сайыстан жүлделі оралды

Маңғыстаулық «Нұр» би ансамблі Астанада 4-7 маусым аралығында өткен Халықаралық фестивальде бас жүлдені алды. Шара ұйымдастырушысы Астана қаласының «Lucky People» халықаралық өнер ассоциациясы.

Өнер додасында балалар ән айту, би билеу, күй тартудан сынға түсіп, өз бақтарын сынаған. Шараға Қазақстанның әр түкпірі мен алыс-жақын шетелден 70 өнерпаз қатысқан.

Өнерлілер додасында мұнайлы аймақтан барған «Нұр» би ансамблі армян халқының ұлттық биін билеген. Ансамбль мүшелері 5-11 жас аралығындағы балалар.

Бас жүлдені иемденген маңғыстаулық өрендерге бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталған. Оларға сонымен қатар, Түркияда өтетін сайысқа жолдама берілген. Енді жас өнерпаздар 29 маусым мен 4 шілде аралығында Түркияның Алания қаласында өтетін жарыста өз бақтарын сынайтын болады.

«Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықтылар қатысты. Алайда, бізде осалдығымызды білдірмедік. Менің ойымша, барлығы өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Әділ қазылар алқасы бізге бірінші орын берді. Өте қуаныштымыз. Енді Түркияның Алания қаласында өтетін сайыста өз бақтарымызды сынайтын боламыз. Маңғыстаудың атын, Қазақстанның атын әлемге танытқымыз келеді», дейді «Нұр» би ансамблінің жетекшісі Георгий Карленович. 

 

 

 

,

 

Кейін қарай