Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2016

896

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР АҚТӨБЕДЕГІ ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТТІ АЙЫПТАЙДЫ

Маңғыстаулықтар ақтөбеліктердің қайғыларына ортақ. Бұл бүкіл қоғамға түскен ауыр қасірет болды. Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айының қарсаңында ардан безген бір топ  қылмыскер Ақтөбеде қантөгіс ұйымдастырды.

Бұл шынайы мұсылманның іс-әрекеті емес. Нағыз мұсылман өзгеге қол түгілі, тілімен де зиянын тигізбес еді – дейді Ақтаудағы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері. Олар облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы арқылы содырлардың қолынан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. ¤

¤Юсуф Шахшаев - "Халық келісімі" ҚБ төрағасы

  • "Ислам діні терроризмді айыптайды. Олар  біздің дінімізден емес. Ақтөбедегі нақақтан кеткендердің отбасыларына Алла тағала сабырлық берсін.  Ислам - тек бейбітшіліктің діні. Біз қолымызбен емес, тіпті тілімізбен де бір адамға зиян тигізбеуіміз керек. "Мен "дағыстан" этномәдени бірлестігінІң атынан барша ақтөбеліктердің қайғыларына ортақтығымызды білдіремін. 

¤Магомед Лорсанов - айнах" шешен-ингуш ЭМБ төрағасы

  • Радикалды топтар жұрт арасында ылаң салуға тырысады. Бірақ, қазақ елінің  арнайы қызметі, өз жанын пида етсе де, оларды бұқараға жеткізбей, желкесін қиды. Құдайға шүкір, тәртіп сақшылары мен әскерилердің арқасында, біздер терроризмнен аманбыз. Ақтөбеде орын алған жағдай енді ешбір жерде қайталанбаса екен деп тілейміз.

 Айрапет Курдоглян -"Ехпайрутюн» армян ЭМБ төрағасы

- Бұл күнгі арнайы жасақтың қызметін атап өткім келеді. Олар, дер кезінде жұмылып, өз қызметтеріне кірісті. Бұл оқиғаның, қасиетті Рамазан айында орын алғаны өкінішті. Ақтөбе оқиғасында қаза тапқандардың жақындарына айтарым: Бекем болыңыздар, сабырлы болыңыздар, әрине жақынды, бауырды жоғалту қиын. Дегемен, бұл да бір сынақ шығар. Қайғыларыңызға ортақпыз. 

   

 

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай