Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қыркүйек, 2016

749

Маңғыстаулықтар Құрбан Айт мерекесін атап өтті

2016 жылғы 12 қыркүйекте Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері Құрбан Айт мерекесін атап өтті.

Құрбан Айт мерекесі Бекет Ата облыстық мешітіндегі таңғы Айт намазын оқудан басталды.

Айт намазына қатысқан Маңғыстау облысының әкімі – Алик Айдарбаев барша мұсылмандар мен облыс тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтады:

«Құрбан Айт – мұсылмандардың  ең маңызды мейрамдарының бірі. Ол бірлік пен қайырымдылықтың, достық пен ынтымақтастықтың белгісі. Құрбан айт ғасырлардан бері ұлт бірлігін нығайтып, қайырымдылық пен мейірімділіктің бастамасы болып табылады»,– деді өз сөзінде облыс әкімі.

Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері киіз үй тігіп, облыс тұрғындары мен қонақтарына арнап дастархан жайды.

Мерекелік шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік мекемелер, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, тұрмысы төмен отбасылар, облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Бұл мереке баршамыздың басымызды қосты.       Мұнда Маңғыстау облысында тұратын барлық этнос өкілдері бар. Бүгін біз бір-бірімізге шынайы тілектерімізді білдіріп, көптеген жылы сөздер айттық»,- деді «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы. Маденова Раиса Ивановна.

Кейін қарай