23 Мамыр, 2017
1524
МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР «САБАНТОЙ» МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
21 мамыр облыстық «Булгар» татар этномәдени бірлестігі татар мен башқұрт халқының төл мерекесі «Сабантой» мерекесін ұйымдастырды. Сабантой – егін жинау науқанынан кейін тойланатын мереке. «Бірақ, бұл Сабантой – бәрімізге ортақ достық пен бірлік мерекесі», - дейді «Булгар» татар ЭМБ төрағасы Фандаль Сахибгареев.
Ақтау қаласы «Ақбота» саябағында өткен мейрамға тұрғындар ағылып келді. Олар мерекелік концерт пен түркі халықтарының ұлттық ойындарын тамашалады. Тігілген ақ қанатты ақ үйге бас сұғып,татарлардың тәттісі чак-чактан ауыз тиді.
Аталған іс-шараға Татарстан Республикасынан арнайы қонақтар да шақырылды. Олар Татарстан Республикасының халық әртістері – Ильсаф Сафин және Ләйсан Басырова. Қос әнші Маңғыстаулықтарға көңілді әндерін тарту етіп, құттықтау сөздерін жеткізді.
«Мен Қазақстанға келіп, бұл мерекеге қатысқаныма өте қуаныштымын. Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Өте ұнады. Бәрі жақсы қарсы алды. Тату-тәтті халық екен. Сабантой керемет ұйымдастырылған. Татарлар мен башқұрттардың мерекесі болса да, қуанышымызбен бөлісіп, тойлауға әр түрлі ұлттар келіпті. Мен ерекше әсерге бөленіп отырмын. Барша қазақстандықтарды Сабантой мерекесімен құттықтаймын. Достығыңыз бен бірлігіңіз нығая берсін! Гүлдене беріңіздер!» - дейді Ильсаф Сафин.
Іс-шара аясында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Солардың бірі – күрес. Оған жеңдерін түріп, мықтымын деген 20-ға жуық білекті бақ сынасты. Мерекелік концерт соңында 2-ші, 3-ші орын иегерлері анықталып, оларға медальдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Бәрінен басым түскен жеңімпаз кубокқа ие болып қана қоймай, сабантойдың дәстүрі бойынша бір қойды арқалап кетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді