Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қыркүйек, 2025

2

Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Республикалық Достық үйінде Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысының Жолдауында және ХХХIV сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысын, сондай-ақ Ассамблеяның қоғамдық жобаларын жүйелі ілгерілету мәселелерін талқылады.

Алматы қалалық ҚХА құрамында 35 этномәдени бірлестік, 20 шығармашылық ұжым және ЭМБ жанындағы 15 жастар қанаты бар.

Ассамблеяның 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктер қоғамдық құрылымдармен бірлесіп, 17 мың адамды қамтыған 300-ге жуық іс-шара өткізді.

Кездесу барысында Марат Әзілханов оңтүстік астананың ассамблеяшыларына ел бірлігін нығайту жолындағы маңызды әрі тынымсыз еңбектері үшін алғысымды білдірді.

Кейін қарай