
22 Қараша, 2021
370
Марат Әзілханов Қазақстан немістері «Видергебурт» орталығының ұлттық конференциясына қатысты
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында Қазақстан немістері «Видергебурт» орталығының ұлттық конференциясы өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, халықаралық неміс мәдениеті одағының, Өзбекстандағы, Қырғызстандағы, Украинадағы, Грузиядағы немістер мәдени орталықтарының, Қазақстандағы өкілдіктердің, қорлардың өкілдері және т.б. қатысты.
Марат Әзілханов Қазақстан немістері «Видергебурт» орталығының жетістіктерін, олардың бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға және Қазақстан мен Ресейдегі, Украинадағы, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Германиядағы немістер ұйымдары арасында білім, мәдениет, бизнес сияқты салаларда тиімді қоғамдық дипломатия жүргізуде қосқан үлесін және одан әрі даму перспективаларын атап өтті.
Конференция барысында Марат Әзілханов, Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазандағы ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалары шеңберінде «Видергебурт» орталығын қолда бар әлеуетті пайдалана отырып ҚХА қоғамдық (халықтық), оның ішінде технологиялар трансфертіне, шетелдіктердің қатысуымен бірлескен жобаларға бағыттарлған жобаларын жүзеге асыруына белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, ҚХА аналар кеңестерінің жұмысын және «арнайы жобаларды», оның ішінде жастар аудиториясына бағытталған «Біздің өлкеміздің тарихы» патриоттық TikTok-жобасын әзірлеуде, сондай-ақ аналардың рухани тәрбиесі мен жан-жақты дамуына бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобаларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Баяндамашы ҚХА-ның бірінші республикалық жастар сессиясына дайындық барысы туралы айтты, сонымен қатар кәсіби келіссөз жүргізуші-этномедиаторларды дайындауда халықаралық тәжірибені меңгеруге жәрдемдесу міндеттерін қойды.
Ол неміс этномәдени бірлестіктерін театрлар, мәдениет үйлері мен мектептен тыс жұмыс орталықтары жанындағы балалар халық театрлары мен студияларын дамытуға, жан-жақты халықаралық ынтымақтастықты тереңдету үшін халықтық дипломатия құралдарын әзірлеуге атсалысуға шақырды.
Конференция соңында Марат Әзілханов пен «Видергебурт» қорының басшылығы неміс этномәдени бірлестіктерінің белсенділерін алғыс хаттармен марапаттау рәсіміне қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ