16 Қыркүйек, 2021
521
Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті
Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен кездесті.

Іс-шараға облыс әкімі, Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ноғаев, облыстағы шешен-ингуш, армян, әзірбайжан, татар, неміс, украин, румын-молдаван, беларусь, корей, еврей этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Кездесу барысында ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің жұмысы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда, этностардың азаматтық бірегейлік қағидаттарында бірігуінде, мемлекеттік тілді үйренуде – этносаралық коммуникация негізі ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің қызметіне және ҚХА-ның этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс жоспарларына қатысты ағымдағы мәселелерді талқылады.
Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктердің қызметіне жобалық тәсілдерді енгізу, мемлекеттік тілді ілгерілету, қайырымдылық және волонтерлік жұмыс, ҚХА жастары қозғалысын дамыту және т.б. мәселелер қаралды.
Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің басшылары өз ұйымдарының жұмыс жоспарларымен таныстырды, Ассамблеяның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруды талқылады, ҚХА-ның ХХІХ сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы баяндады.
Кездесу соңында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің жекелеген өкілдеріне Алғыс хаттар тапсырып, оларға қоғамдағы татулықты, достық пен келісімді нығайтудағы жұмыстары үшін алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
М.А. Әзілхановтың Республика күнімен құттықтауы
-
Этномәдени бірлестіктердің басшыларының кездесуі өтті
-
ҚХА өкілдері «UNITON» зауытының еңбек ұжымымен кездесті