01 Маусым, 2023
412
Марат Әзілханов мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларымен кездесті
2023 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларымен кездесті.
Іс-шараға мектеп парламентінің 30-ға тарта мүшесі, сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысты.
Кездесу барысында Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудағы рөлі және жастардың қоғам өміріне араласуы туралы айтты.
Ол өз сөзінде еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екенін айтып, білім жолында тыңбай еңбек етіп оқу озаты болуға шақырды.
«Сіздер - халқымыздың үмітін арқалаған ел ертеңісіздер, қазіргі қоғамның жетекші күшісіздер. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры сіздердің қолдарыңызда ерекше атап айтқым келеді. Білімді, еңбекқор, өнерлі мерейі үстем, беткеұстар қабілетті азаматтар болып өсулеріңізді тілеймін», - деді Марат Әзілханов.
Өз кезегінде, мектеп парламентінің өкілдері елдегі ынтымақтастық пен қоғамдық келісімді дәріптейтін жобалар мен жұмыстары жайлы толық ақпарат берді.
Әңгіме барысында өскелең ұрпақтың Қазақстан халқының мәдени алуан түрлілігін тануы, балалар мен жастарды патриотизм мен өзін-өзі дамытуға ынталандыру мәселелері қамтылды. Іс-шара соңында Марат Әзілханов Астана қаласы мектеп парламентінің өкілдеріне сыйлықтар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32