03 Тамыз, 2025
166
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында әлеуметтік-мәдени нысандардың қызметімен танысты. Сапардың басты нысандарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бой көтеріп жатқан облыстық Достық үйінің құрылысы.
Бұл ғимарат – өңірдегі этносаралық келісімді нығайтатын, этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының басын қосатын жаңа орталық болмақ. Жаңа Достық үйі – Қызылорда өңіріндегі қоғамдық келісім мен бірліктің іргелі инфрақұрылымына айналады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Марат Әзілханов жаңадан ашылған облыстық тарихи-өлкетану музейіне, «Анаға тағзым» орталығына, «Сыр Жұлдыздары» шығармашылық академиясына, Отбасы орталығына, Өнер орталығына және 11 мың көрерменге арналған стадион құрылысына барып, жұмыс барысымен танысты.
Ассамблея Төрағасының орынбасары барлық әлеуметтік-мәдени мекемелердің жұмысы мазмұнды әрі жастармен тығыз байланыста жүргізілуі тиіс екенін атап өтіп, олардың қоғамдағы тәрбиелік, мәдени-ағартушылық рөлін арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілханов: Ассамблея бірегей қоғамдық институтқа айналды
-
Спорт пен достық мерекесі
-
АСТАНАДАҒЫ КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ: ДӘСТҮР, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДОСТЫҚ БІРЛІГІ
-
М.А. Әзілхановтың Республика күнімен құттықтауы
-
Достық үйінде «Ана тілім – байлығым!» атты дөңгелек үстел өтті