Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2016

739

Медиаторлар кеңесінің отырысы

2016 жылдың 2 ақпанында Алматы қаласындағы Достық үйінде медиация кабинетінің ұйымдастыруымен медиаторлар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Қатысушылар саны – 47. Күн тәртібіне  кеңестің құрамы мен ережесін және жоспарын бекіту; медиация мәселелері бойынша депозитарий ұйымдастыру, заңнамалық әдебиеттермен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелері қойылып, талқыланды.

Кеңес отырысының модераторы «Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры А.И.Братенков болды.

Алматы қаласы әкімі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» ҚКМ директорының орынбасары Н.О.Мауленов, «Барбанг» күрд қауымдастығының басшысы К.И.Мирзоев, «Ахысқа» түрік этно-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ш.А.Асиев, Қазақстан дүнгендері бірлестігінің жетекшісі А.В.Войнце, Алматы қаласы әкімдігі аппаратына қарасты «Қоғамдық келісім» ҚКМ директоры А.О.Көбеева, «Ильдаш» татар гуманитарлық дамыту орталығының төрағасы Н.И.Ниязова, «Халықаралық құқық қорғау орталығының»  директоры Ж.Ж.Жақыпов сөз сөйледі. Олар: Кеңеске әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерін мүшелікке тарту; Медиация мәселелері бойынша депозитарий ұйымдастыру, заңнамалық әдебиеттермен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып мәліметтер мен материалдар жинау; Құқық қорғау ұйымдары мен білім беру жүйесі өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату; Этномәдени орталықтар өкілдерімен әртүрлі семинар-тренингтер ұйымдастыру және өткізу; Медиация кабинетіне сенім телефонын орнату сияқты ұсыныстар айтты.

Кеңес құрамының мүшелігіне 45 адам сайланды, 11 адамнан басқарма құрылды. Кеңес мүшелері ағымдағы жылдың жоспарын талқылап бекітті.

Медиаторлар кеңесі барысында алдын-ала дайындалған арнайы материалдар (медиаторлар кеңесінің ережесі мен жоспарының жобасы) таратылды, сондай-ақ медиация үрдісінің нормативтік-құқықтық базасы, мазмұны мен мәні туралы слайд көрсетілді. Кеңеске қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ басшылығына медиация кабинетін ашқаны үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта бірлесе отырып жұмыс жасауға шешім қабылдады.

Г.Дүкенова,

Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметінің басшысы

Кейін қарай