
03 Мамыр, 2016
635
Медиация – бірлікке бастар жол
Биылғы сессияның негізгі тақырыбы – «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт». Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің Тәуелсіздігіміздің ұлы құндылықтарының бірі екенін атап өтті.
- Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен табылды. Оның тарихында біздің ұлттың өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тапқан, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Cондай-ақ, XXIV сессияда Ассамблея қызметінің тағы бір бағыты айтылды. Ол даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамыту. Медиация туралы заң қабылданған 2011 жылға дейін оған қалай кірісу керектігін ешкім білген жоқ. Ассамблея бастамашылық танытқан соң сең қозғалды. Медиаторлар желісін дамыту соттардың жүктемесін азайтты, құқықтық мәдениет пен қоғамдағы құқықтық сананы күшейтті, – деді Мемлекет басшысы.
Медиация - ата-бабамыздың билік ету дәстүрі қазіргі заманмен үндес болып, тәжірибеге қайта оралып отыр. Елімізде Медиация туралы заңның қабылдануы — соның айғағы. Медиация - қоғамда тұрақтылық орнатып, өзге ұлт арасындағы достық пен ынтымақты нығайтушы күш. Дау мен жанжалды бітімгершілік жолымен шешіп, азаматтар арасындағы адами құндылықтарды сақтап қалудың бір жолы.
Біз үнемі студенттермен, оқушылармен және сот өкілдерімен кездесу өткізіп, медиаторларды да шақырамыз. Ондағы мақсат – даулы мәселелерді медиация жолымен шешудің жолдарын қарастыру болып табылады. Қазіргі таңда «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында медиация орталығы ашылды. Бүгінде біз оның жұмыс жасауына бар күшімізді салудамыз. Медиация ол – халықтың бірлігі жолында гүлденіп, тұрақтануының басты жолы.
Гүлжан Исмурзина
Қазақстан халқы Ассамблеясының
Маңғыстау облыстық хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды