Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2015

840

Медиация институты – әлеуметтік әрекеттестік дамуының басты бағыты

5-7 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы болып өтті. Басты мақсат – аты айтып тұрғандай, қазақстандық қоғамда дау-жанжалдың алдын алып, шешу жолдарын айқындайтын бірегей медиация орталығының бірізді әрекет етуін қамтамасыз ететін балама бағдарламалары бар нақты жоспар құру. 

5-7 тамыз аралығында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы болып өтті. Басты мақсат – аты айтып тұрғандай, қазақстандық қоғамда дау-жанжалдың алдын алып, шешу жолдарын айқындайтын бірегей медиация орталығының бірізді әрекет етуін қамтамасыз ететін балама бағдарламалары бар нақты жоспар құру. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов семинар қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан медиация орталығын құру қажеттілігінің басымдығы мен елеулі жақтарын атап өтіп, келесі қорытындыларға тоқталды:

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторлық міндетті мінсіз атқарып келе жатқан елдегі этносаралық қарым-қатынастың негізгі модераторы болып қала бермек;
  • Толеранттылық пен ұлттық бірлік пен келісімді қалыптастыруда айтарлықтай қызмет атқарып жатқан қоғамдық ұйымдардың жұмысын жаңа деңгейге шығару үшін медиацияның тетіктері мен техникасын мақсатты түрде үйрететін жүйе қажет;
  • Медиация үрдісін қарқындату үшін халықаралық тәжірибені жан-жақты зерделеу;
  • ҚХА қоғамдық құрылымдарының өзара әрекеттестігін қадағалау мен әлеуметтік саланың барлық түрі мен ҚР-ның басқарушы құрылымдарына медиация технологиясын енгізуге бағытталған қазіргі заманғы Медиация орталығын құру.

Медиация орталығын дамытуда жаһандық тәжірибеге қаныққан сарапшылардың білімі ерекше сұранысқа ие. Олардың қатарында аталмыш семирнарға атсалысқан София университетінің профессоры – Татьяна Дронзина (Болгария), Гранада университетінің профессорлары Антонио Лозано мен Франциско Хименес Баутисто (Испания) бар. 

Облыстық ҚХА Хатшылығының төрағасы Ерлан Құсайын бастаған қарағандылық делегецияның құрамында Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрлан Дулатбеков, Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы  Бауыржан Рапиков, Қарағанды облысы КХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ философия факультетінің оқытушысы Қуаныш Сисенғалиев, «Диалог» дау-жанжалды шешу орталығының» жетекшісі  Татьяна Савицкая, «Қарағанды облысы азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Наталья Вшивцева барлық іс-шараға (дөңгелек үстел, семинарлар, талқылаулар, мәжілістер) белсенді қатысты.

«Диалог» - дау-жанжалды шешу орталығының төрайымы Татьяна Савицкая Қарағанды облысы мемлекеттік мекемелерімен нәтижелі серіктестіктің үлгісін ұсынды. Сондай-ақ, медиацияның аймағымыздағы барлық маңызды салаларға сатылы және жүйелі енгізілу жұмысын көрсетті. Т.Савицкая ұсынған жанжалдарды шешу жолындағы кешенді жобалар республиканың әр тарапынан келген семинарға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. 

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Гранада университетінің (Испания) Бейбітшілік және шиеленістер институты мен Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ арасында Ниет хаттамасына қол қойылды.

Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp:: +77024190203

e-mail: arai.lym.nur@gmail.com

 

Кейін қарай