
31 Қазан, 2019
1215
Медиация институты соттардың жұмысын жеңілдетудің тиімді құралына айналды
Петропавлдың Достық үйінде «Медиация бірлік пен келісімнің құқықтық мәдениетінің негізі ретінде» атты конференция өтті. Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді сақтау және нығайту үшін даулар мен қақтығыстардың алдын алу саласында медиацияны насихаттау болып табылады.
Барлық қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин құттықтау сөзімен қарсы алды. Ол медиацияны дамыту бүгінгі таңда өте өзекті бағыт екенін атап өтті.
«Соттарға өте үлкен міндет жүктелген. Медиация институтын насихаттаумен қоғамдағы жағдай жақсы жаққа өзгерді. Мысалы, 2016 жылы медиация рәсімінің көмегімен 171 келісім, 2017 жылы – 667, 2018 жылы – 764, 2019 жылдың 3 тоқсанында – 682 медиативтік келісім жасалды», - деді М. Зейнуллин.
Конференция барысында медиацияны қолдану негізінде азаматтық қоғамның жаңа құқықтық мәдениетін қалыптастырудың, медиацияны қолдану саласында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды, сондай-ақ өңірде мектеп медиациясын дамыту туралы мәселелер көтерілді.
Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент З. Картова «Билер соты медиация институтының тарихи негізі ретінде» тақырыбында баяндама жасап, медиация институтын құрудың тарихи алғышарттары туралы әңгімеледі. Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бітімгер судьясы Ә. Айсина «Сот медиациясын дамыту туралы: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар медиацияны дамыту туралы «Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығының» басшысы Г. Пехотина кең тартатып берді.
Оқу бағдарламасы шеңберінде «Медиация негіздері» пәнін оқитын М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Құқықтану» мамандығының 4 курс магистранттары мен студенттері медиацияны қоғамдағы бірлік пен келісімнің құқықтық мәдениетін қалыптастыру факторы ретінде түсіну бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Магистрант Сания Жұкенова магистрлік диссертация тақырыбы ретінде медиацияны зерттеуді таңдағанын айтады. Бұл ғылыми қызығушылық оның болашақ кәсіби таңдауымен байланысты. Студент Әйгерім Нагуманова университет қабырғасындағы медиацияға қатысты дәрістердің қызықты өтетінін және қазіргі уақытта медиация рәсімін өткізуге үйрену үстінде екенін тілге тиек етті.
Медиация кабинетінің меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор Г. Мұсабаева өз баяндамасында өңірдегі медиацияны қатынастардың барлық салаларында қолданудың маңыздылығына тоқталды. Конференция барысында тонымен қатар құқық қорғау органдарының, кәсіподақ ұйымдарының және медиаторлардың өзара іс-қимылы туралы мәліметтер беріліп, оң нәтижелер белгіленді. Медиация кабинеті желтоқсан мерекелері қарсаңында қала мектептерінде медиация кабинеттерін ашуды жоспарлап отыр.
Мектептегі медиация кабинеттерінің болашақ басшыларына және оқушыларға әдістемелік материалдарды тапсыру маңызды сәтке айналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
ҚХА білім беру бағдарламасының қатысушылары «Қазақ газеттері» жұмысымен танысты
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:54
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
11 Қыркүйек, 21:40
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
Шымкентте Достық үйі жанынан жастарға арналған комьюнити-орталық ашылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
ҚХА білім беру бағдарламасының қатысушылары «Қазақ газеттері» жұмысымен танысты
-
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Астанадағы Достық үйінде семинар өткізді
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті