Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Тамыз, 2016

878

Медиация күні Батыс Қазақстан облысында

2016 жылғы 5 тамыз күні Достық үйінде Медиация күні шеңберінде бірқатар іс-шаралар өтуде, соның ішінде, республикалық «Медиация институтын дамыту» тақырыбындағы форум өткізілді.

Форум жұмысына  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Марат Тоқжанов,   БҚО облыстық сот төрағасы – Бек Аметов, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, судьялар,  қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты.   

Шарада облыстық соттың азаматтық әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Ерлан Идиров,  БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, секретариат меңгерушісі Ғайса Қапақов, «Татулас» кәсіби медиаторлар мекемесінің кәсіби медиаторы Дархан Талғатұлы Хабиев және т.б сөз сөйледі.

Ашық есік күні шеңберінде келушілерге тегін кеңес ұйымдастырылып, медиация кабинеттерінің орналасқан орны мен телефон нөмірлері көрсетілген парақшалар таратылды, тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді.

Медиация, дауды шешудің баламалы әдісі ретінде Қазақстан үшін жаңа институт болып табылатынын атап өткен жөн («Медиация туралы заң» 2011 жылы 28 қаңтарда қабылданып, 2011 жылы 5 тамызда күшіне енді).

Медиацияны дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыру шеңберінде 2016 жылы 30 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Ресубликасының Жоғарғы соты Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. «Медиация – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттарының бірі».

Меморандум мақсаты - дауларды сотқа дейін реттеу институтын табысты енгізу және жан-жақты дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде, қоғамдағы жанжалдың деңгейін төмендететін медиация институтын енгізу. Осы тапсырмаларға сәйкес ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Достық үйінде медиация кабинеті ашылды. Кабинетті ашудағы мақсат - әлеуметтік және этностық қатынастар саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінде медиация рәсімдерін пайдалану.

Кабинетте  24-42-32 нөмірлі сенім телефоны орнатылған. Бөлмені қажетті техникалық құралдармен, әдістемелік әдебиетпен және ақпараттық материалмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі, онда кез келген  адам осы мәселе бойынша қажетті ақпарат ала алады.  Медиация кабинетінің жұмысы сот органдарының бұрынғы қызметкерлері қатарынан әлеуетті медиаторлардың деректер базасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өткен жөн. Осы бағытта да сот, прокуратураның бұрынғы қызметкерлері, қоғамдық келісім мүшелері қатарынан  медиаторлар пулын қалыптастыру, олардың кәсіби тәжірибесі мен беделін медиативті жұмыста пайдалану үшін  жұмыстар жалғасын табатын болады.

Нормативтік-құқықтық базаны  жетілдіру және халықты ақпараттындыру мақсатында барлық құқық қорғау органдарымен меморандумдар жасалатын болады.  Барлық аудандық және ауылдық округтердегі қоғамдық келісім кеңестерінің базасында медиация кабинеттерін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп келеді.  Медиация кабинеттерінің қызметі – адамдар арасында пайда болатын даулы мәселелерді шешуді дұрыс арнаға бағыттау.  Осыған орай, халыққа кеңінен ақпарат беру үшін белсенді тұсаукесер-түсіндірме жұмысын жүргізіп, аудандық медиация орталықтарымен байланыс орнатып, аумақтық медиация орталықтарымен жұмыс тәжірибесімен бөлісу қажет, медиативті қызметте жаңа бағыттарды дамытып, халықтың құқықтық сауаттылық, құқық санасының және құқықтық жауапкершілік дауларын шешуде  құқықтық мәдениеттің деңгейін арттыру қажет. Медиаторлардың қатысуымен жағдайды шешу мәселесі белсендіріліп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Мәселен, облыстық соттың деректері бойынша 124 қылмыстық және 600-ден астам азаматтық іс медиаторларды тартумен және медиативті келісім жасаумен аяқталса, 250 іс кәсіби медиаторлар орталығының қатысуымен сотқа дейінгі тәртіппен қаралған. Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін бұл жаңа тың тақырып емес, алайда бұл кәсіби алаң ғалымдар мен тәжірибе адамдарының бірлескен жұмысын  нақты істер, мәселе мен дауларды өркениетті механизмдер арқылы шешуге бағытталған қосымша біріктіру факторларын іздеу  деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді. 

Республикалық «Медиация күні» акциясы шеңберінде Орал қаласының тұрғындары арасында 150 респондентті қамтыған сауалнама жүргізілді,  онда медиация туралы халық білуі туралы сұрақ қойылғанда сұралғандардың 43% медиация туралы ештеңе білмейтінін, тек 7% білетінін көрсеткен. Сұралған респонденттердің 50% жуығы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар туралы хабардар екенін, ал 5% медиаторлар туралы білмейтіндерін көрсеткен.

Халықтың жанжалды оқиға кезінде дауды бейбіт түрде шешуге қызығушылық білдіруі  57% құрады, респонденттердің 19% мүмкін деп есептесе,  11%  қызығушылық танытпады.  Және де медиация және медиаторлар туралы ақпаратты 53%  алғысы келсе,  11% медиация және медиаторлар туралы ештеңе білгісі келмейтін айтты.  Бұдан басқа, сұралғандардың көпшілігі бұл 34% ақпаратты жеке кездесу кезінде алғысы келетінін айтса, ал 21% әлеуметтік желілер арқылы білгісі келетіндерін көрсеткен,  17% семинарлар мен өзге де шараларда, және тек респонденттердің  1%  БАҚ-ты  ақпарат көзі деп есептейді екен.

 Іс-шара соңында ең үздік кәсіби медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды:

1. Дархан Талғатұлы Хабиев - «Татулас» кәсіби медиаторлар мекемесінің кәсіби медиаторы,

2. Құсдәулетов Хамидолла  Мұхитұлы БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары,

3. Құлмағамбетова Қатира Нұрланбекқызы –кәсіби  медиатор, БҚО бойынша «Медиацияны дамыту Орталығы» АҚБ өкілеттілігінің директоры. 

Батыс Қазақстан облысында республикалық «Медияция күні» аясында  «Ашық есік күні» жарияланып  Орал қаласының  Достық үйінде,  АО «Батыс СУ Арнасы» және  аудандар мен ауылдық округтерде    қабылдаулар  өткізілді. Облыс бойынща 144 медиация кабинеті жұмыс істеп,   азаматтарды 228 медиатор қабылдады.

Сонымен қатар, Ассамблея үйіндеде  қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп, 4 кәсіби емес медиатор  тұрғындардың сұрақтарына жауап берді,  консультациялардың  саны – 6.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» баспасөз қызметі

Кейін қарай