09 Тамыз, 2016
789
«МЕДИАЦИЯ КҮНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ
2016 жылғы 5 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақстанның барлық өңірінде «Медиация күні» республикалық акциясы өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты арасында қол қойылған меморандумға сәйкес өткізілді.
Іс-шараларға кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, медиаторлар ұйымдарының басшылары мен мүшелері, медиация кабинеттерінің меңгерушілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, облыстық және қалалық соттардың судьялары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар, мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті пәтер иеленушілер кооперативтері қатысты.
Бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша 552 медиация кабинеті, 1345 кәсіби және кәсіби емес (қоғамдық) медиаторлар жұмыс істеді. Акция өткізу барысында медиация кабинеттеріне 10 000-ға жуық адам келіп, олардан 1406 шағымдар мен өтініштер қабылданып, қаралды.
Шағым, өтініштер Алматы облысында ең көп түскен, олардың саны – 213, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әрқайсында – 203, Маңғыстау облысында – 253, Солтүстік Қазақстан облысында – 176, Павлодар облысында – 151, Астана қаласында – 121 шағымдар мен өтініштер қабылданып, қаралды.
Өңірлерде акция аясында түрлі іс-шаралар өтті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде – қоғамдық келісім орталығында медиация институтын балалардың арасында дамытуға бағытталған «Кот Леопольд – прирожденный медиатор» деген тақырыпта іс-шара болып өтті.
Сондай-ақ Павлодар облысында «Медиация – Қазақстан қоғамының сындарлы болашағы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы болып, онда қатысушылар өңірде дауларды баламалы шешудің болашағын талқылады, медиация институты туралы жаңа ақпарат алып, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ Медиация орталығы жанында құрылған «Жас медиатор» жастар звеносы таныстырылды. Жас медиаторлардың барлығына салтанатты түрде куәліктер табыс етілді.
Іс-шаралардан басқа, акция аясында барлық өңірлерде кәсіби және кәсіби емес (қоғамдық) медиаторлар азаматтарды тегін қабылдады, жиналғандарға медиация кабинеттерінің орналасқан жері мен ол жердегі сенім телефонының номері көрсетілген буклеттер таратылды, кәсіби медиаторларды тарта отырып, келушілер үшін ахуалдық тренингтер және басқа іс-шаралар өткізілді.
Акция Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация институтын және қоғамдық келісімді нығайту мақсатында өткізілді.
Бұл жұмыс қызметі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған қоғамдық құрылымдарды дамыту мақсатында өңірлердегі Достық үйлері базасында жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті