09 Қараша, 2017
772
Медиация мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
Ағымдағы жылдың 7 қарашасы күні Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен Октябрь аудандық сотында медиация институтын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған алқалы басқосу Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Т.К.Камалиевтің және Октябрь аудандық сотының төрайымы Ә.Т.Марданованың төрағалық етуімен өтті.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация бөлімінің қызметкерлері, «Мир добра» ҚБ президенті Т.А.Абрамова, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Октябрь аудандық сотының судьялары қатысты.
Іс-шарада облыстағы медиация институтын дамыту жолдары, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлардың Октябрь аудандық сотымен өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесудің соңында қатысушылар халыққа медиация институтын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыруға қатысты ұсыныстарын айтып, бұл бағыттағы негізгі ұсыныс қабылданды.
Отырыстың қорытындысы ретінде тараптар Октябрь аудандық сотында медиация кабинеті ашылады және аталған кабинетте Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе жұмыс атқаратын медиаторлар құқықтық түсіндіру жасайтын болады деген тұжырымға келді.
Дата события ассамблеи: 09.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді