Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2015

849

Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша отырыс. 2 - күн

2015 жылғы тамызда сағат 10-да Астана қаласындағы «Думан» қонақүй кешенінің «Парламент» конференц-залында (Қорғалжын тас жолы, 2а), Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қоғамдық пікір» зерттеу институты  Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша отырыс өткізу бойынша жұмысын аяқтауда.

2015 жылғы 7 тамызда сағат 10-да Астана қаласындағы «Думан» қонақүй кешенінің «Парламент» конференц-залында (Қорғалжын тас жолы, 2а), Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы  Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қоғамдық пікір» зерттеу институты  Медиация орталығының ұрыс-жанжалдардың алдын алу және шешу мәселелері бойынша отырыс өткізу бойынша жұмысын аяқтауда.

Бұл отырыстың мақсаты шетелдік және отандық сарапшылардың, Бас прокуратураның, Жоғарғы соттың, Әділет министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен қоғамдық келісімді нығайту, қоғамдық келісім мәселелерін шешуде медиация рәсімдерін пайдаланатын мемлекеттік органдардың ынтымақтаса жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан нақты механизм –  Медиация институтын, Медиаторлар мектебін құру. 

«Медиация – қоғамдық келісім және азаматтық бірегейлікті нығайту институты ретінде» тақырыбындағы жалпы отырыстың жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысты. Ералы Лұқпанұлы өз сөзінде аймақтық жәнехалықаралық деңгейдегі ұрыс-жанжалдардың алдын-алудағы Қазақстанның белсенді рөлін, этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді шешуде іске асатын құрал болатын ҚХА жанындағы Медиация Институтын атап өтті.

Іс-шараға халықаралық сарапшы-медиаторлар, Болгариядан, Испаниядан, Ресейден келген ғалымдар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР  Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары, Қазақстан медиация орталықтарының өкілдері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің және ҚХА ғылыми-сараптамалық топтарының мүшелері, ҚХА жанындағы Өңірлік қоғамдық келісім кеңестерінің, ҚХА Аналар кеңестерінің, ҚХА кафедраларының, БАҚ-тың өкілдері қатысты. 

Отырыс шеңберінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен «Халықаралық және қазақстандық медиация институттарының қызмет тәжірибесі. Қоғамдық құрылымдардың рөлі» дөңгелек үстелі өткізілді. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов өз сөзінде: «ҚХА медиация мәселелеріне зер салатыны жәй емес, бұл біздің өміріміздің үздіксіз ырғағы. Аймақтарда болғанда тұрмыстық, экономикалық,отбасылық қайшылықтар мен жас айырмашылығына қарай болатын түсініспеушіліктерге байланысты түрлі мәселелерді шешуге тура келеді. Бізде ол үшін ресурстар жеткілікті, ал олардың ең бастысы- бірлік пен бейбітшілік...»-деді.

Іс-шара барысында К.Охридский атындағы София университетінің профессоры, саяси ғылымдардың докторы, ҚХА шетелдік сарапшысы Татьяна Дронзинаның «Медиация. Учебно-методическое пособие» кітабының таныстырылымы болды. 

Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Гранада университетінің (Испания) Бейбітшілік және ұрыс-жанжалдар институты мен ҚР  Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ арасында Ниет хаттамасына қол қойылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медиация рәсімдерін қоғамдық келісімді дамыту және нығайту мәселелерін шешуде пайдалану үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан Медиация институтын дамыту моделі әзірленетін болады.  «Медиация туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделген. ҚР  Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және «Қоғамдық пікір» зерттеу институты негізінде ҚХА Медиация орталығын құру тұжырымдамасы әзірленген. 

Оқытып-үйрету семинар-тренингінің қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар табыс етілді.  

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы іс-шараны өткізуде серіктес болып отыр.  

Пресс-служба РГУ «Қоғамдық келісім»:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кейін қарай