06 Қазан, 2016
1508
«Медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2011 жылдың 5 тамызында Қазақстанда «Медиация туралы» заң күшіне енген болатын. Қазір бұл туралы терең зерттеліп, бірқатар жұмыстар атқарылып, кең ауқымды жобаға айналып отыр. Осыған байланысты, «Алас» құқықтық қолдау орталығының өкілдері Маңғыстау облыстық әкімшілігі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Достық үйінде» медиация тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қазақстан халқы Маңғыстау облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы Исмурзина басшылық жасаған жиынға этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.
Медиация - адамдар қарым-қатынас жасайтын барлық ортада, солардың ішінде, оқу орындарында орын алған дау-дамайлар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу технологиясы.
Жиында «Алас» құқықтық қолдау орталығы «Медиацияны дамыту» жобасын таныстырды.
Бұл жоба аясында оны іске асыру жүйесін таныстыру; ақпаратты толықтыру; сенім телефонын орнату; медиация көмегімен дауларды шешу жолдарын іздестіру; Маңғыстау облысы тұрғындарын медиция туралы құлақтандыру үшін тренингтер өткізу, медиаторлар дайындау, Маңғыстау облысында білікті медиаторлар санын арттыру, «Мектеп медиациясы» атты дөңгелек үстел жиындарын өткізу шаралары қолға алынады.
Қатысушылар Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік органдары мен медиаторлар арасында тығыз байланыс болу қажет екендігін айтты. Сондай-ақ облыстағы мекемелер мен мектептердегі медиацияны дамыту жолдары талқыланды. Тәжірибесіз медиаторларға жүйелі түрде медиацияны үйретіп отыру, ал тәжірибелі медиаторларға дайындық курсынан өту ұсынылды.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті