18 Наурыз, 2017
1606
Мектеп-интернатта қайырымдылық іс-шара өтті
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында №7 арнаулы түзету мектеп-интернатында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктерінің қайырымдылық акциясы өтті. Оған мектеп-интернаттың оқытушылары мен тәрбиеленушілері, облыстағы этномәдени бірлестіктер мен облыстық ассамблеяның белсенді мүшесі, меценаты Венера Гафурова, жастар қанатының белсенді мүшесі, жас кәсіпкер Виктория Шек атсалысты. Іс-шарада барлығы 104 бала қамтылды.
Мерекеге орай интернаттың оқушыларына арналған арнайы қайырымдылық концерт қойылып, «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Жемчужина» би тобы, татар этномәдени бірлестігінің өнерпазы Динара Серікқызы, облыстық ассамблея жанындағы жастар қанатының төрағасы Константин Луца, Достық үйінің «Djuli dance» би тобы өнерлерін ортаға салып, балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
Өз кезегінде интернаттың ұжымы ынтымақ пен берекеге толы Наурызда жасап жатқан игілікті шаралары үшін облыстық ассамблея ұжымына алғысын білдірді.
Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдіктер, күллі тіршілік әлемі жаңарып, қайта түлейтін табиғат мерекесінде қатысушылар бір-бірлеріне құттықтау айтып, ізгі тілектерін арнады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті