
11 Тамыз, 2017
1114
Мектепке жарық жол
2017 жылдың тамыз айында Ақтөбе облысы бойынша «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» деген ұранмен бастау алған «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдады.
Осы орайда 11 тамыз күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында акция аясындағы «Жүректен жүрекке» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты әртүрлі ұлт өкілдері балаларын өңірлік Ассамблея қызметімен таныстыру, балаларға жаңа оқу жылы қарсаңында облыстық Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің атынан оқу құралдарын сыйға тарту болып табылды.
Оқушылар Ассамблея үйінде жиналып, оларды Ассамблея жұмысымен жақынырақ таныстыру мақсатында этномәдени бірлестіктердің бөлмелеріне, музейге экскурсия жасалды. Балалар ғимаратта орналасқан репетициялық, конференц, концерттік залдарды, жексенбілік мектеп кабинеттерін көріп, ассамблея жанындағы тегін мемлекеттік және Қазақстан этностары тілдерін үйрететін жексенбілік мектептер мен шығармашылық үйірмелерге шақырылды.
Экскурсиядан соң іс-шараның салтанатты бөлігінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Н.Барбосыновтың, этномәдени бірлестіктердің өкілдерінің, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қатысуымен әр ұлт өкідерінің 38 оқушы баласына 570 000 теңге көлемінде мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектері, аяқ-киім, сөмкелері табысталды. Оқушыларға жаңа оқу жылында жақсы оқып, жаңа жеңістерге жетіңдер деген ақ тілектер айтылып, мереке өз мәресіне жетті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 15.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ