
31 Тамыз, 2017
1733
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ
Жазғы демалыстың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Сәйкесінше, Білім күні мен алғашқы қоңырау да алыс емес. Осыған орай, 29 тамыз күні Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты мектеп оқушыларына арналған акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға өңірлік этномәдени бірлестіктердің жағдайы төмен отбасыларының балалары қатысты.
Мектепке қадам басқалы тұрған оқушыларды бірінші қабатта сайқымазақтар күтіп алды. Олар әр балаға көңіл аударып, көңілді әуен қойып, әрқайсысымен ойын ойнады. Көңілдері көтеріңкі балақайлар алдағы қызықты көруге асықты. Екінші қабатқа көтерілген бүлдіршіндерді Вера Майкович қарсы алып, Достық үйінің мұражайымен таныстырды. Әр этнос бұрышына тоқталып, облыс халқының салт-дәстүріндегі ерекшеліктерін әңгімелеп берді.
Бұдан кейін балғындардың барлығы конференц залға жиналды. Алғашқы құттықтау сөз Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаеваға берілді. Ол өз сөзінде: «Мектепке жол» акция соңғы жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Акцияның мақсаты – тұрмыс жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдап, көмек беру. Бүгін біз облысымыздағы барлық этномәдени бірлестік балаларына өз сыйлықтарымызды табыстап, мектепке басқан қадамдары оң болып, келешекте «Мәңгілік елдің» бәсекеге қабілетті ұрпағы болуларыңа тілектеспіз!» - деп атап өтті.
Құттықтау сөзінен кейін оқушылар мен ата-аналарға арналған «Менің қуанышым» атты қуыршақ театры «Білімділер еліне саяхат» атты қойылымды тарту етті. Микки Маус, Минни мен Фиксиктер жиылғандардың көңілін көтеріп, бір марқайтып тастады. Іс-шара соңында балаларға мектепке қажетті сыйлықтар табыс етілді.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 31.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті