21 Сәуір, 2017
2706
Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы талқыланды
Қостанайда Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптама тобының мүшелері бірыңғай республикалық күн аясында жоғары оқу орындарының студенттерімен Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын талқылады.
Осы тақырып ЭКСПО-2017 мамандырылған халықаралық көрме қарсаңында өңірлердің жоғары оқу орындарында студенттер үшін ғылыми-сараптама конференциясының жұмысында талқыланған болатын. Баяндама үшін «Этностардың болашақ жігерлігі» тақырыбы себеп болды, өйткені көпұлтты Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі және әдет-ғұрпы өзге елдерді өзіне көңіл аударуға және бірегей этносаралық келісім институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының оң тәжірибесін үлгі алуға мәжбүр етеді.
- Біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөйлеген сөздерінде ұлттардың қалыптасуы мен дамуы үшін ұлттық бірлік маңыздылығын атап өткені тегін емес. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық униветситетінің басшысы, ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі ОАНК кафедрасының меңгерушісі, Рати Есмұратовтың баяндамасында «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы маңызды рөл атқарды. Біздің еліміз әлемнің ең танымал қалаларының біріне айналды. Алматыдағы ұйымдастырылған 2017 жылғы қысқы Универсиадаға 55 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Тура бір айдан кейін Астанада ЭКСПО-2017 ашылады. Онда 100-ден астам мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ 2 млн-нан астам келушілері қатысады деп күтілуде. Осының бәрі Қазақстанның әрбір этникалық топтың жеке басының еркіндігін бере отырып нығайту бағытында сенімді қадамдар жасап, Тәуелсіздік жылдарында өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту және сақтау жолындағы қол жеткізілген жоғары деңгейдегі жеңісі деп білсек болады.
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұрғысында, жалпы тарих пен естелік негізінде қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамытуда қазақстандық құндылықтарды көрсетуде Қазақстан халқы Ассамблеясы тынымсыз рөл атқарып келеді. Қазақстан осы екі онжылдықта бейбітшілік пен достықты ізгілік ететін бірегей алаңға айналды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзі