Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2015

934

«Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» аймақтық семинар-тренингі

2015 жылғы 21 қазанда Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық Достық Үйі ғимаратында «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» аймақтық семинар-тренингі өз жұмысын бастады. 

2015 жылғы 21 қазанда Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық Достық Үйі ғимаратында «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» аймақтық семинар-тренингі өз жұмысын бастады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары – Леонид Прокопенко, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры – Наталья Калашникова, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі – Айгүл Садвакасова, ҚХА мүшелері, ғылым мен білім беру саласының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Шетелдік сарапшылар ретінде Тегеран университетінің профессоры Амирахмадиан Бахрам Фатхали (Тегеран) және Ханкук Шет тілдері университетінің профессоры Санг-Чел Ким (Оңтүстік Корея) шақырылды.

Іс-шараға тыңдаушылар ретінде Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері – қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің, дін істері, көші-қон, жастар мәселелері жөніндегі, өңірлік ҚХА хатшылықтарының жетекшілері мен мамандары, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің қызметкерлері; ҚХА ҒСТ мүшелері, ЖОО-ның ҚХА және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедраларының оқытушылары; этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Семинар барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудағы жаңа міндеттер, мемлекеттік этносаясаттың басым қағидалары, қазақстандық сәйкестілікті нығайтудың тетіктері түсіндіріліп, Қазақстанның диаспоралық саясаты қарастырылды. Пікірталас алаңшаларында қатысушылар ұлттық бірлік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өзара қатынасы бойынша алмасты. Сонымен қатар, Қазақстандағы этностық топтардың тарихы, шежіресі, мәдени-шаруашылық процестері жөнінде дәріс-әңгіме жүргізіліп, «Мәңгілік Ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері, Орталық Азиядағы этноәлеуметтік үдерістер және олардың қазақстандық жағдайға ықпалы талқыланды.

 

Үш күндік семинар-тренинг  келесі қызықты тақырыптарды қамтиды: «Дінге табынудағы әлеуметтік-психологиялық айла-шарғы технологиялары мен оларға қарсы тұру әдістері», «Этносаралық қатынастарды нығайтудағы азаматтық сектордың рөлі», «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары: азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру», «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы: өзара іс-қимыл тетіктері».

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы. 

Кейін қарай